Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы аурухананың адам шошырлық кейпі науқастардың ашуын тудырды (фото)

Опубликовано:

Ақтаудағы жұқпалы аурулар ауруханасына бес айлық қызымен түсіп қалған Эльмира (есімі өзгертілген) мекемедегі адам шошырлық жағдайды жайып салды деп хабарлайды inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:inaktau
Фото:inaktau: UGC

Ауруханада бес айлық сәбидің тамырын таппаған медбикелер, балақайдың қолының тамырын таба алмаған.

Эльмираны қызымен өзі секілді келіншектің жанына жатқызыпты.

"Біз тіпті дәретханаға кезекпен бардық. Өйткені, бес айлық баланың қозғалып, аунайтын уақыты. Ал аурухана бөлмесінде манеж де жоқ. Біз сұрағанымызда, манежді тек ерекше жағдайларда ғана бере алатынын айтты. Соңында біз сол манежді жалынып сұрап алдық.

Фото: inaktau
Фото: inaktau: UGC

Ал ауруханадағы ас тіпті күлкіңді келтіреді. Бізге таңертең нанға май жағып, шаймен бірге әкеліп берді. Ал түскі асқа берген сорпасының ішінде бірнеше картоп пен ет жүзіп жүрді. Біз екінші тағамды сұрағанымызда екі қасық быламық пен бір қасық фаршты берді", - деген Эльмира оларды суретке түсіріп алған.

Сондай-ақ науқас ауруханада баласын емдету үшін де дәрігерлердің есігін бірнеше рет қаққанын айтты.

"Мен оларға керек дәрілерді жазып беріңіздер, күйеуім өзі әкеледі" дедім. Осыдан кейін дәрігер ауруханада қажетті дәрілердің жоқ екенін айтып берді. Ауруханада балаларды жуындыра да алмаймыз. Ыстық су атымен жоқ. Жылы судың өзі зорға тамшылап тұр", - деген Ақтау тұрғыны аурухана тазалықшыларына тағатын міні жоқ екенін де жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750518-aktaudagy-auruhanany-adam-sosyrlyk-kejpi-naukastardy-asuyn-tudyrdy-foto/

pixel