Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар арықтау үшін қай уақытта тамақтану керектігін анықтады

Опубликовано:

Британиядағы Суррей университетінің ғалымдары таңғы асты кештеу және кешкі асты ерте ішу салмақ тастауға көмектеседі деген тұжырым жасады. Зерттеуді Nutritional Sciences журналы жариялаған.

Диета. Көрнекі фото: Единственная
Диета. Көрнекі фото: Единственная: UGC

29-дан 57 жасқа дейінгі 16 адам тәжірибеге қатысқан. Олардың тоғызы таңғы асты әдеттегіден бір жарым сағат кешіктіріп, кешкі асты бір жарым сағат ерте ішті.

Нәтижесінде тамақтану уақытын өзгерткендер бұрынғы кестемен тамақтанатындарға қарағанда екі есе азып кетті. Сондай-ақ, бірінші топтағылар тәбеті төмендеп, күні бойы тұтынатын тамағының көлемі азайғанын мәлімдеді.

"Біз зерттеу барысында мұндай тамақтану кестесін сақтау отбасымен және қоғамдық өмірмен үйлесім таба бермейтінін байқадық. Дегенмен оны сақтауға әрекет етуіміз керек, өйткені бұл диета пайдалы екені сөзсіз", — дейді Суррей университетінің докторы Джонатан Джонстон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1750351-galymdar-aryktau-sin-kaj-uakytta-tamaktanu-kerektigin-anyktady/

pixel