Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суреттен жылан іздеген желі қолданушылары әбігерге түсті

Опубликовано:

Австралиялық жылан ұстаушы қоғам өз Facebook парақшаларына жылан жасырылған сурет жариялады. Бұл ерекше фото желі қолданушыларын әбден әбігерге түсірді деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Топ әкімшілігі екі үстел тұрған суретті желіге шығарып қойған.

Алғаш қарағанда ештеңе байқалмаған фотоның астында "Жыланды тап! Келесі ойынның кезегі келді! Бұл клиентті бүгін Нинддеридегі үйден қуып шықтық! Жыланның түрін атағандарға қосымша ұпай береміз!" деген сөздер жазылған екен.

Суреттен бауырымен жорғалаушыны тапқан желі қолданушыларының саны көп болмаған. Нәтижесінде, кішкентай жыланның оң жақ үстелдің оң жақ аяғында тұрғаны анықталыпты.

Бір тәуліктен соң жазба авторлары бұл жыланның қоңыр түсті бойга екенін айтыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1749112-suretten-zylan-izdegen-zeli-koldanusylary-bigerge-tsti/

pixel