Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғыны Саяхатта өмірін қатерге тігіп, такси ұстайтындардың жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Татьяна Фоминова есімді желі қолданушысы Алматының Көк базар маңында өмірін қатерге тігіп, Талғарға дейін такси ұстауға мәжбүр болған тұрғындардың жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Алматы. Фото: Фото: Арсен Шакуов / motor.kz
Алматы. Фото: Фото: Арсен Шакуов / motor.kz: UGC

Желі қолданушысы Facebook парақшасында Алматы әкімдігіне сауалдар жолдаған.

"Сегіз жыл бұрын Саяхаттан Талғарға кетуге тырысқан едім... Сол кездің өзінде Талғарға жету нағыз мұң болатын. Бір топ адам Ташкентскийдегі жол қозғалысын бөгеп, кептеліс тудыратын.

Кейін оларды қуа бастады. Енді әбден тозған жұрт Пушкин көшесінің қақ ортасында қорықпастан топырлап жүр.

Жалғыз бос жолаққа қазылып тастаған Мақатаевтан көліктер ағылып, үйілген халыққа таксишілер тоқтай бастағаны былай тұрсын, Көк базар мен Саяхатты жағалаған жаяу жүргіншілер қызылға қарамастан көшені кесіп өтіп жатады.

Неге екенін байғұс Талғар тұрғындары осы сегіз жыл бойы ешкімге керек емес... Талғар әкіміне де, Алматы облысының әкіміне де. Ол жаққа баратын қоғамдық көлік қозғалысын реттеу керектігін ешкім ойламайды.

Алматы. Фото: Фото: Арсен Шакуов / motor.kz
Алматы. Фото: Фото: Арсен Шакуов / motor.kz: UGC

Сағатына бір рет қана әрі кеткенде кешкі сегізге дейін жүретін сасық автобустарға Талғардан көбі отыра бермейді. Қалғандары такси ұстау үшін бір жарым сағат бойы "соғыстан" өтуге мәжбүр. Күніге шамамен 20 мың адам такси аңдиды...

Неге Алматы қаласының әкімдігі осы уақытқа дейін сол адамдардың үйге қайтуын жеңілдететін жөнді аялдама тұрғызып бермейді? Байғұстарды қуа бергеннен мәселе шешілмейді.

Неге Алматы облысының әкімдігі күнде бір жарым сағат бойы үйге жету үшін өмірін қауіпке тігіп, такси ұстайтын өз тұрғындарына көмектеспейді?

Талғар әкімі қыстың ортасында халыққа зарығып күткен суын жүргізіп, жұмысын жақсы бастаған еді. Алайда оның белсенділігі осымен тоқтап қалды", - деп жазған Татьяна.

NUR.KZ порталы бұл жазбаға қатысты әкімдікке сауал жіберді. Олар таяу арада бұл мәселе бойынша жауап беретіндерін мәлімдеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745299-almaty-trgyny-saahatta-mirin-katerge-tigip-taksi-stajtyndardy-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel