Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаскелең перзентханасында бала сатуға қатысты тың мәліметтер шықты

Опубликовано:

Алматы облысында жаңа туған нәрестені сатпақ болған бір топ адамдарды ұстау операциясы өтті. Медицина мекемесінің қызметкерлері, сатып алушылар мен баланың анасы құрықталды деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: n-w.tv
Иллюстрациялық фото: n-w.tv: UGC

Қарасай орталық ауруханасының директоры хабарлағандай, мұндай жағдай бірінші рет болып жатыр екен. Журналистермен әрі қарай сөйлесуден ол бас тартты.

Аурухана қызметкерлері камералардан жасырынып, емделушілер болса ауруханада болып жатқан жайттардан бейхабар екендерін жеткізді.

Арнаның хабарлауынша, баланы сату туралы ой анасы мен әжесіне ол дүниеге келмей жатып келген екен. Жүктіліктің сегізінші айында олар сатып алушыларды іздей бастапты. Сол кезде олардың соңынан жедел-тергеу қызметкерлері түседі.

Жаңа туған нәрестені дүниеге келген күні сатпақ болған.

Облыстық ІІД айтқандай, бұл "келіссөзді" нәрестенің әжесі ұйымдастырып, ол үшін бір миллион теңге сұраған.

Ұсталғандардың барлығы уақытша қамауда отыр. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің ішінде кімнің осы іспен айналысқандығы анықталып жатыр. Осы іске қатысы бар адамдардың барлығы 15 жылға сотталып кетуі мүмкін.

Баланың болашақ өмірі жайлы ештеңе белгісіз.

Еске салайық, Қаскелең перзентханасында бала сату дерегі тіркелген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744525-kaskele-perzenthanasynda-bala-satuga-katysty-ty-mlimetter-sykty/

pixel