KZ
Айман Мұсақожаева Денис Теннің туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Новости Общество

Айман Мұсақожаева Денис Теннің туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Расcказать Вконтакте

Италияда гостролмен жүрген Қазақстанның xалық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, "Академия солистов" мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі Айман Мұсақожаева Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің қазасына байланысты оның туыстары мен жақындарына және қазақстандықтарға және көңіл айтты.

Айман Мұсақожаева

Айман Мұсақожаева

Италияның Кунео провинциясындағы Берголо қаласынан бастау алған "Velia" музыкалық фестивалінің аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының "Академия солистов" мемлекеттік камералық оркестрі алғашқы концертін белгілі спортшы, ел мақтанышы Денис Тенге арнады.

Қазақстанның xалық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, "Солистер академиясының" көркемдік жетекшісі Айман Мұсақожаева кешті 1 минут үнсіздік жариялап Денис Тенның қайғылы жағдайда қаза болғанына байланысты қазақстандықтар мен туған-туыстарына көңіл айтты.

"Жұлдыздай жарқ еткен Денис Теннің мезгілсіз дүниеден өтуі барлығымызға ауыр тиді. Бұл жағдай барша Қазақ елінің үшін ауыр қайғы. Сондықтан біз фестиваль аясындағы алғашқы концертті Денис Теннің құрметіне арнадық. Жас әрі талантты, Қазақстан мен әлемнің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген Денис еліміздегі спорттың дамуына зор үлес қосты. Оның есімі, жетістіктері мен ерен еңбегі жүрегімізде мәңгі сақталмақ. Оның жалыны сондай алаулап жанды да, сондай ерте сөнді. Жарқын тұлға Денис Тен – еліміздің жарық жұлдызы. Концертке келген италиялық өнер сүйер қауымға біз Денис туралы әңгімелеп, концертті соның құрметіне арнадық", - дейді Айман Мұсақожаева.

Айман Мұсаходжаева Денистің рухына арнап Брамстың, Сен-Сансенің, Ваксманның, Сарасатенің белгілі композицияларын орындады.

Сонымен қатар, концерттің шымылдығын Үкілі Ыбырайдың "Қызыл асық" әнімен ашқан дәстүрлі әнші Асқар Мұқият пен отандық опера әншісі Азат Мәлік Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындап еуропалықтарды таңғалдырды.

Екі сағатқа созылған концерт талғампаз көрерменнің қошеметіне бөленді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Ваша реакция
2
1
1
5
3
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии
Mailfire view pixel