KZ

Еуропарламент басшысы ресейліктерге көңіл айтты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Еуропарлық   парламенттің    төрағасы Ежи Бузек   Мәскеудегі    "Домодедово"  әуежайында  болған  лаңкестік әрекеттің салдарынан   қаза болғандардың  отбасыларына  және    барша  ресейліктерге    көңіл айтты. 

"Ондаған адам  қаза  болып,  жүздеген  адам жараланған   Ресейдің   ірі  әуежайындағы  лаңкестік  шабуылды үзілді-кесілді айыптаймын.  

Лаңкестік  пен   зорлық-зомбылықты  ешқандай   сөзбен   ақтауға  болмайды.

Осындай     тағылық  әрекеттен  бұған  дейін    де  зардап шегіп келген  Ресей    халқына  түсіністікпен қараймын.  

Мен  барлық  Ресей    халқына, әсіресе  қаза болғандардың  отбасыларына    қайғырып, көңіл айтамын.  

Зардап шеккендердің  тезірек сауығып  кетулеріне тілектеспін", -   делінген  Е.Бузектің  мәлімдемесінде.

Новости Казахстана
Еуропарламент басшысы ресейліктерге көңіл айтты
Mailfire view pixel