KZ
Индустрияландыру картасына енді шағын және орта бизнес жобалары да енеді
Новости Финансы

Индустрияландыру картасына енді шағын және орта бизнес жобалары да енеді

Расказать Вконтакте

Индустрияландыру картасына енді шағын және орта бизнес жобалары да енеді.

Оны Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Камалиев бүгін Алматы облысы, Талғар ауданы, Колхозшы ауылындағы "Хундай" жүк көліктері мен автобустарын құрастыру зауытының ашылу рәсімі кезінде айтты."Қазір индустрияландыру картасында 294 жоба бар. Өткен жылы 152 жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда Елбасының тапсырмасы бойынша индустрияландыру картасына енетін жобалар қайта қаралуда. Оған алдағы уақытта шағын және орта бизнес жобалары да енгізілетін болады",-деді Б. Камалиев.Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрінің айтуынша,

Индустрияландыру картасына шағын және орта бизнес орындарының жобалары жергілікті әкімдіктер жанындағы үйлестіру кеңестері арқылы енетін болады.

Оларға өнімділікті арттырудан өзге ешқандай талап қойылмайды.

Оған алдағы уақытта шағын және орта бизнес жобалары да енгізілетін болады

Жалпы, қазіргі таңда мемлекеттік органдарда қаралып жатқан Индустрияландыру картасына кіретін жобалардың нақты санын ақпан айында мемлекеттік комиссия анықтайтын болады.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии