Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдер үшін ең қауіпті мемлекеттер тізімі белгілі болды

Опубликовано:

Әлемдегі ең тәжірибелі әрі мықты зерттеуші мамандар ауқымды зерттеу жұмысын жүргізіп, әйелдер үшін аса қауіпті деп есептелетін мемлекеттер тізімін жасап шығарды. Зерттеуге қатысқан 550-ден астам маман қыз-келіншектердің өмірі үшін өауіпті болған елдер қатарында бірінші орынды Үндістанға берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Rafiq Maqbool / AP
Фото: Rafiq Maqbool / AP: UGC

Үндістан мемлекеті әйел құқықтарын аяусыз таптап, оларға жасалған зорлық-зомбылық бойынша көш бастап тұр. Бүгінде үнді әйелдері баяғыдан келе жатқан салт-дәстүрлер салдарынан зардап шегіп жатыр.

Үндістан Фото: bigmir.net
Үндістан Фото: bigmir.net: UGC

Кәмелетке толмаған балаларды еркінен тыс үйлендіру, зорлық көрсеті, әйелдерді аяусыз қинайтын оталар тәжірибесі бұл елде әлі күнге дейін кең қолданылып келеді.

Үндістаннан кейін бұл тізімде Ауғанстан, Сомали, Сирия, Сауд Арабиясы, Пәкстан, Конго, Йемен және Нигерия іспетті елдер бой көрсетті. Ал батыс құрлықтан әйелдер үшін қауіпті ел деп жалғыз АҚШ табылды.

Ауғанстан Фото: bigmir.net
Ауғанстан Фото: bigmir.net: UGC

Фото: bigmir.net
Фото: bigmir.net: UGC

Фото: bigmir.net
Фото: bigmir.net: UGC

Америка құрама штаттары аталмыш мемлекеттер қатарына кино саласында жақында ғана әшкереленген зорлық-зомбылықтар кесірінен енді.

Зерттеу барысында әйел құқықтары жөніндегі 550 мамандардың пікірі ескерілді. Олар бұл елдерде әйелдер құқықтары мәселесі әлі де шешілмей келе жатқанын алға тартты. Зерттеу нәтижесі қажетті шаралар қолдану мақсатында БҰҰ-ны жіберілген.

Мамандар тізімдегі мемлекеттердегі қыз-келіншектер қатаң талапты салт-дәстүрлер есебінен қорлық көріп жатқанын алға тартты.

Сомали Фото: bigmir.net
Сомали Фото: bigmir.net: UGC

Фото: bigmir.net
Фото: bigmir.net: UGC

Конго Фото: bigmir.net
Конго Фото: bigmir.net: UGC

Фото: bigmir.net
Фото: bigmir.net: UGC

Сирия Фото: bigmir.net
Сирия Фото: bigmir.net: UGC

Cирия әйелдерінің жағдайы да күннен-күнге ауырлап барады. Ол жерде орын алған әділетсіздік салдарынан қыз-келіншектер мен балалар жапа шегуде. Алайда, аталған елдерде бұл мәселе әлі де кенже қалып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1739309-jelder-sin-e-kauipti-memleketter-tizimi-belgili-boldy/

pixel