KZ
Асыл тұқымды малды өсіру проблемаларына назар аударылды
Новости Финансы

Асыл тұқымды малды өсіру проблемаларына назар аударылды

Расказать Вконтакте
Асыл тұқымды малды өсіру проблемаларына назар аударылды

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрлігіне асыл тұқымды малды өсіретін мамандарды даярлау бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Ол бұл тапсырманы министрліктің бүгін өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде берді.

Үкімет басшысы шетелден сатып алынатын асыл тұқымды малды өсіретін кәсіби мамандардың тапшылығына тоқталды.

"Арнайы дайындықсыз осы іспен айналысқан жағдайда асыл тұқымды малды өсіру жұмысы мүлдем басқа арнаға түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан министрлік жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, асыл тұқымды малды өсіретін мамандарды даярлау бағдарламасын әзірлеуі қажет. Бәлкім, біз оған мемлекеттік ресурстарды бөлетін шығармыз. Асыл тұқымды малды өсірумен айналысатын мамандардың арнайы дайындығы болуы тиіс", - деді К.Мәсімов.

Асыл тұқымды малды өсірумен айналысатын мамандардың арнайы дайындығы болуы тиіс

Осы орайда Үкімет басшысы мамандарды даярлайтын аймақтық орталықтарды ашуды ұсынды. "Бізде 90-жылдардың тәжірибесі қайталанбауы тиіс", - деп атап көрсетті ол.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии