KZ

"Астана арландары" - "Инчхон қырандары": Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Өткен сенбіде елордадағы "Дәулет" спорт кешенінде АІВА-ның Бүкіләлемдік бокс сериясының кезекті жекпе-жектері өтіп, "Астана арландары" Оңтүстік Кореяның "Инчхон қырандарын" 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Бірінші болып шаршы алаңға көтерілген 54 келі салмақтағы қазақ былғары қолғап шебері Қанат Әбутәліпов барлық 5 раундта да өзінің басымдығын айқын танытты. 61 келі салмақ дәрежесінде де Астана арландары командасының намысын қорғаған Мерей Ақшаловтың мерейі үстем болды. Бұған дейінгі кездесуде Мерей дәл осы қарсыласы Афины олимпиадасының қола медаль иегері, әлем чемпионатының жүлдегері өзбекстандық Бахадуржон Султоновпен шаршы алаңда кездесіп, ұтқан болатын.

Бұл жолы да сол ерлігін қайталады. Азулы қарсыласына еш мүмкіндік бермеген ол барлық үш төрешінің шешімімен жеңіске жетті.

Бокс жанкүйерлерінің асыға күткен келесі жекпе-жегі Бейжің олимпиадасының қола медаль иегері Қанат Ислам мен армениялық Хакобян Андраниктың арасында өтті. Астана арландары командасының құрамасында алғаш рет өнер көрсетіп отырған Қанат алғашқы раундтың бірінші минутында қарсыласының аңдысын аңдып, соңғы сәттерде белсенді шабуылға шықты. Ал келесі раундтың алғашқы минутында-ақ Қанат қарсыласын нокдаунға жіберді. Өз басымдығын айқын сезінген қазақ боксшысы алға ұмтылып, қарсыласын ауыр соққылардың астына алды. Тағы да нокдаун. Шыдамдылық танытып орнынан қайта көтерілген Хакобян Қанаттың келесі ауыр соққысынан нокаут алып, орнына тұра алмай қалды.

Өз басымдығын айқын сезінген қазақ боксшысы алға ұмтылып, қарсыласын ауыр соққылардың астына алды

Сондай-ақ 85 және 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде "Астана арландары" командасының намысын қорғаған өзбек боксшылары Рамзджон Ахмедов пен Сардор Абдуллаевтарда қарсыластарынан басым түсті.Естеріңізге сала кетейік, біздің былғары қолғап шеберлер 29 қаңтарда осы командамен тағы бір мәрте шаршы алаңда кездеседі.

Новости Казахстана
"Астана арландары" - "Инчхон қырандары": Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберді
Mailfire view pixel