KZ

Алматыда интеллектуалдық сайысқа әлемнің 14 елінен 296 үміткер қатысуда

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Өткен сенбі күні Алматыда математика, физика, информатикадан VII халықаралық Жәутіков олимпиадасы ашылды. Олимпиадаға әлемнің 14 елінен 46 команда, 296 үміткер қатысуда.

Олардың білімін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов пен ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев бастаған әділқазылар таразылайтын болады.

Олимпиаданың басты мақсаты - оқушылар арасында физика-математика пәндерін насихаттау және халықаралық әріптестікті дамыту, түрлі мемлекеттер арасында мамандандырылған мектептердің достық байланысын нығайту, тәжрибе алмасу.

"Халықаралық Жәутіков олимпиадасы физика -математика саласында мамандандырылған мектептер арасында өтетін ерекше интеллектуалдық сайыс. Олимпиада сондай-ақ бүкілодақтық олимпиадаларды жалғастырушы",- дейді шараны ұйымдастырушы Республикалық физика-математика мамандандырылған мектебінің директоры Қайрош Мәкішев.

 

Новости Казахстана
Алматыда интеллектуалдық сайысқа әлемнің 14 елінен 296 үміткер қатысуда
Mailfire view pixel