KZ

Еліміздің жетекші БАҚ басшылары Қазақстанның құрметті журналшысы атанды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Еліміздің жетекші БАҚ басшылары Қазақстанның құрметті журналшысы атанды.

Олардың ішінде "КазТАГ" халықаралық ақпарат агенттігінің бас редакторы Ирина Бектиярова, "Свобода слова" газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева, "ОКО" басылымының бас редакторы Болат Ережепов, "МК-Казахстан" газетінің бас редакторы Любовь Краснова, "Экспресс-К" газетінің бас директоры Алексей Пан бар.Қазақстан Журналистер одағы бұл адамдардың қазақстандық журналистиканы дамытуға қосқан салмақты үлестері мен зор еңбегі үшін жоғары құрметке ие болып отырғандығын айтады.

Аталған одақтың басшысы Сейтқазы Матаевтың айтуынша, бұл белгімен марапаттау тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткелі отырған елдің журналистік қоғамында атқарған ерен еңбектерін мойындау.

"Олар кәсіби және жоғары ұйымдастырушы қабiлеттiлiктерiмен ғана емес, демократиялық қоғамды дамытуда белсендi азаматтық позиция ұстанған маңызды істерімен де айқындалып тұрады", -дейді С. Матаев.

 

Новости Казахстана
Еліміздің жетекші БАҚ басшылары Қазақстанның құрметті журналшысы атанды
Mailfire view pixel