KZ

Қазақстанда жол полициясы арнайы "Қауіпсіз жол" операциясын өткізді

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қазақстанның жол полициясы жүргізген арнайы "Қауіпсіз жол" атты 5 күндік іс-шара барысында факті бойынша шамамен мыңға жуық ішкілік ішіп автокөлік жүргізген жүргізушілер тіркелді, деп хабарлады еліміздің ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

Бұл туралы "Қазақстан жаңалықтары" ХАА хабарлады.

7-ші Қысқы Азиадалық Ойындарды өткізу қарсаңында Қазақстан Республикасы ІІМ ағымдағы жылдың 10 – 14 қаңтары аралығында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

Жедел профилактикалық іс-шара кезінде Жол қозғалысы ережелерін 42648 бұзушылық анықталды.

"Сонымен қатар, көлікті мас күйде басқаруға байланысты 1101 бұзушылық, жылдамдықты асырудың 7162 фактісі, қозғалыстың қарсы жолағына шығу тәртібін 960 бұзушылық, ІІО қызметкерлерінің тоқтау жөніндегі талаптарын орныдамаудың 165 фактісі, көлікті құжатсыз басқарудың 3218 фактісі, терезелері қараңғыланған 421 автокөлік, автомобильді басқаруда жүргізушілермен телефонды пайдаланудың 2687 фактісі, қауіпсіздік белдігін пайдалану тәртібін 5855 бұзушылық, жаяу жүргіншілермен жасалған ЖҚЕ-ні 2088 бұзушылық айқындалды", - деп көрсеткен баспасөз қызметі.

10 – 14 қаңтары аралығында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

Сонымен қатар, Жолаушылар көлігінің жүргізушілерімен жасалған 2022 бұзушылық, жүк көлігінің жүргізушілерімен – 1126, мемлекеттік көлік жүргізушілерімен – 646 бұзушылық анықталды.ЖПІШ барысында 30957 км автожолды қамту арқылы көше-жол желісіне 1218 тексеріс-зерттеулер және теміржол өткелдеріне 498 тексеріс-зерттеулер жүргізілді.

Жолдарды ұстаудағы кемшіліктерді жою жөнінде 715 хаттамалар берілді, жолдарды қанағаттанғысыз ұстағаны үшін 128 лауазымды адам, өткелдерді -74 лауазымды адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", деп айтылған хабарламада.

Новости Казахстана
Қазақстанда жол полициясы арнайы "Қауіпсіз жол" операциясын өткізді
Mailfire view pixel