Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолаушыдан шыққан жағымсыз иіске бола ұшақ апатты жағдайда қонды

Опубликовано:

Нидерландтан Испанияға бет алған Transavia Airlines әуе компаниясының ұшағы Фару әуежайында апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақтың қонуына жолаушыдан шыққан шектен тыс жағымсыз иіс себеп болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ. Фото: oxu.az
Ұшақ. Фото: oxu.az: UGC

Жолаушыдан шыққан иістің өткір болғаны соншалық, оған көршілес отырған өзге азаматтардың кейбірі есінен танса, енді бірінің жүрегі көтерілген.

Куәгерлердің сөзіне сенсек, жолаушы бірнеше апта бойы мүлде жуынбаған болуы мүмкін. Экипаж мүшесі оны әжетханада оқшау ұстауға тырысқанымен, жағымсыз иіс бүкіл бортты жайлап кетіпті.

Ақыры шыдамаған ұшқыш ұшақты діттеген жеріне жеткізбей, апатты жағдайда қондыруға мәжбүр болады. Жолаушы дәрігерлердің қолына табысталған.

"Ұшақ жолаушыдан шыққан жағымсыз иістің кесірінен қонуға мәжбүр болды", - дейді компания өкілі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1734974-zolausydan-sykkan-zagymsyz-iiske-bola-sak-apatty-zagdajda-kondy/

pixel