Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда белгілі асханаға келгендер ақын Абайдың суретін көріп, шошып кетті (фото)

Опубликовано:

Танымал спорт журналисі Серік Ноян Алматыдағы танымал асханалардың біріндегі Абай бейнесіне көңілі толмайтындығын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: serik_noyan
Фото: serik_noyan: UGC

Журналистің айтуынша, Ақмола облысында Лениннің беті-басын өңдеп, Абайға айналдырғандарына көңілі қалған. Енді ұлы ақынды тағы бір мәрте масқаралағандары оның ашуын келтірген.

"Жаңа ашылған асxанадағы Абайды көріп мүлдем мұңға баттым. Бар қазақ кешірсін Алдар Көсеге ұқсаттым өзін. Бала кезден жанарымызға жатталған Ұлы Хәкім бейнесін, тым әбіржітіп жіберген қай суретші болса да оңбайды. Тоқшылықта өскен, ілім-ғылымның тереңіне бойлаған, ұлтының беткеұстары болған тұлғаның ажарын қашырған кім?! Неге өз-өзіне ұқсамайды?!", - деп ренішін білдірді журналист.

Жазба авторының айтуынша, дегенмен суретші оның қасындағы Аxмет Байтұрсыновты жап-жақсы бейнелеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734905-almatyda-belgili-ashanaga-kelgender-akyn-abajdy-suretin-krip-sosyp-ketti-foto/

pixel