KZ

Қазақстанда бұл қатерлі науқастар өлім аурулардың алғашқы тізбегінде

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Барыс жылының қорытындысында еліміздегі өлім көрсеткіші бойынша асқынып тұрған аурулардың алғашқы тізбегін тағы да қатерлі ісік науқастары бермеді.

Оның ішінде өкпе, сүт бездері ісіктері оза шапса, жетінші орынды гематологиялық аурулар, яғни ақ қан (лейкемия), лифома және өзге де қанның қатерлі ісіктері алып тұр. Халық үшін бұлар - аты да, заты да жаман аурулар. Ажалға апаратын жолдан адастырмайды.

Республикада жыл сайын қан қатерлі ісігіне шалдыққан 1500 адам жаңадан тіркелетін болса, 200 адам көз жұмады...

Жоғарыдағы жаға ұстатар деректерді алға тартқандағы айтпағымыз, аты жаман сырқат түрі қоғамда кең белең алып бара жатқанына қарамастан, гематолог мамандар саны тым жетімсіз.

200 мың балаға - бір гематолог дәрігерден келеді. Бір облыстағы олардың саны 2-3-пен ғана шектеледі.

Бүкіл республикада 50-60 гематолог жұмыс жасағанда, арнайы гематология орталығының жоқтығын сөз етуге де ауыз бармайды екен. Медицина ғылымдарының докторы, гематолог дәрігер Гүләйім Рысбаеваға қоңырау шалғанымызда, медицинаның бұл саласындағы күрмеулі проблемалардың тек маман санының аздығымен ғана шектелмейтінін түсіндік. Г.Рысбаева алғашқы кезекте ата-аналардың гемобластоз ауруларының алғашқы белгілерінен хабарсыздығын алға тартты. Одан қалды, жалпы медицина дәрігерлерінің қызметі жолға қойылмаған.

Әйтпесе, алдын алу шаралары жүргізілсе, бұл сырқаттан келетін адам шығыны мұншалықты жоғары болмас та еді...

- Бұрын қанның қатерлі ісігімен тек ересектер ауыратын. Қазір жас балаларға шейін төсек тартып қалып жатыр. Әрине, Құдай басқа салса, көнуге тура келеді. Бірақ сұрап алып, білместікпен шақырып алатын кездеріміз де болады. Мәселен, қараңыз, миелома деген ауру бар. Ол - сүйек ауруы. Адамдар көбіне белі не омыртқасы ауырса не істейді? Жанындағы кез келген адамды шақырып алып, массаж жасатады, болмаса "арқамды басып берші" деп жатып алады. Ал миелома жағдайында сүйек сынып кетсе, болмаса сәл зақымданса, ол лейкемияға бастайды. Тіпті миеломаға шалдыққандарға безін ыстыққа жақындатуға болмайды. Бұл жағдайда ол тағы да асқынып, лейкемияға айналып кетеді. Ал мұндайлар өте көп. Бұл - бір ма, екінші жағдай - радиация. Енді мұны адамдардың білместігі десек, дұрыс болмас, бірақ айналамыздағы өнідіріс ошақтарынан, көліктерден шыққан улы газдар, тұтынып жатқан тамақтарымыздағы бояғыштар да - қанның қатерлі ісігін тудыратын басты факторлардың бірі. Ауруды сұрап аламыз дейтініміз, біздің кейде өзіміз дәрігер болып кететініміз. Бас-басымызға бір-бір дәрігерміз. Тамақ ауырып, мұрыннан қан кетіп, болмаса бронхитке шалдықтық делік, дәрі алып ішеміз, болмаса танысымызға барамыз, тек содан кейін ғана дәрігердің есігінен сығалаймыз. Бұл дұрыс емес, дененің кез келген бөлігінен шошынған без байқаған жағдайда және жылына кемінде бір мәрте қанға биопсия анализін тапсырып отыру керек.

Лейкемия - көзге бірден көрінбейтін ауру, ол тығылып жатады. 

Кей жағдайда дәрігерлердің өзі оны аллергиямен шатастырып жатқанда, қарапайым азаматтардың "өзім білдімге" салынуы ақылға сыймайды, - деді Гүләйім Рысбаева.

Лейкемия - жеңіл қарайтын сырқат түрі емес. Сәл асқынып кетсе, емдеу мүмкін болмай қалады.

Асқынбағанның өзінде отандық медицина одан сауықтыратын халде емес. Мұның бірден-бір емі болып табылатын жілік майын ауыстыру операциясын жасатамын десеңіз, Израиль, Германия, АҚШ сынды елдер құшағын жая қарсы алады. Алайда орта құны 200 мың доллардан кем емес. Бұл елдерде тегін емделу үшін қазақстандық квота да жоқ. Квота тек Болгарияға ғана бар, оның өзі өте аз екенін және Болгария медицина жөнінен Қазақстаннан озып та тұрмағанын ескерсек, бұл әрекет соқыр үміт секілді әсер қалдырады.

Таяу уақытта Қазақстан қатерлі қан ісігін емдеуді жолға қояды деген тағы үміт жоқ. Өйткені елімізде гематологиялық бірде-бір орталық жоқ екенін жоғарыда атап өттік.

Маман жетіспеушілігі рас, өте - үлкен проблема

Бір ғана Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Гемобластоз бөлімі бар. Оның өзі 30 адамға ғана арналған. Екіншіден, дәрігер саны да аз. Жалақы төмен болғандықтан, медициналық университет студенттері бұл салаға бара бермейді. Бұл жөнінде: - Маман жетіспеушілігі рас, өте - үлкен проблема. Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Гемобластоз бөлімімен хабарласып тұрамын, бір дәрігер бірнеше науқасқа жәрдем көрсетіп жүреді. Үлгермейді, түнгі ұйқысын бөліп, жұмысқа жүгіріп жататындарын да көрдім. Жалақы аз болғасын, басқа кәсіппен айналысып кеткен гематолог мамандар да бар. Ал олардың ізін басатын жастар жоқ. Жалақысын көтерсе, жастар неге бармасын? Жағдай жасалса, қаражат болса, жеңілдіктер көрсетілсе, жастар құлшына жұмыс жасар еді деп ойлаймын.

Бұл үшін нақты жоспармен жұмыс жүргізу қажет. Қай салаға қанша маман қажеттігін есептеп... - деді Г. Рысбаева.

Новости Казахстана
Қазақстанда бұл қатерлі науқастар өлім аурулардың алғашқы тізбегінде
Mailfire view pixel