Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хит әндердің авторы Құрманай Бақтиярқызы алғаш рет ел білмейтін құпиясын ашты (видео)

Опубликовано:

Танымал ақын, көптеген әншілердің хит әндеріне сөз жазып, жұлдызын жаққан Құрманай Бақтиярқызы NUR.KZ порталының жаңа жобасында ел білмейтін құпияларымен бөлісті. Oybay Life деп аталатын жаңа онлайн-бағдарламада ақын өзегін өртеген өкініші туралы айтып берді.

Үш рет тұрмыс құрып, үш рет ана атанған Құрманай Бақтиярқызының өмірі көпшілікке қызық. NUR.KZ порталының жаңа жобасында ақын некесінің сәтсіз болуының себебін түсіндіріп, алты айлығында шетінеп кеткен сәбиі туралы сөз қозғайды.

Бұдан бөлек, ақын 200-ден аса хит әні үшін қанша гонорар алатынын да айта кетеді.

Шетелге жиі шығатын ақынның денсаулығы нашарлап кеткені рас па? Оның төртінші мәрте тұрмысқа шығуы мүмкін бе? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Oybay Life жобасынан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1734511-hit-nderdi-avtory-krmanaj-baktiarkyzy-algas-ret-el-bilmejtin-kpiasyn-asty-video/

pixel