Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыстағы жалақыңызды қалай көтеруге болады?

Опубликовано:

Жұмыстағы жалақыны көтеруді әрбір қызметкер қалайды. Алайда олардың барлығы бірдей басшылыққа ұсынысын айта бермейді екен. Осыған орай зерттеушілер арнайы тәжірибе жүргізіп, еңбекақыны жоғарылату үшін басшымен қалай сөйлесу керектігін мәлім етті. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: relationships-at-work.com
Көрнекі фото: relationships-at-work.com: UGC

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қызметкерлердің 44 пайызы соңғы жылы жалақысын көтеру туралы сөз қозғаған. Соның ішінде 35 пайыз адамның жалақысы 10 пайызға көтерілген. Ал тағы 9 пайыз адамның еңбекақысы 30 пайызға дейін көтеріліпті.

Басшысынан сұрап жүріп жалақысын жоғарылатқан қызметкерлер көбінесе өтініш барысында өз жетістіктері мен тәжірибесін негізге алған. Одан басқа қосымша жалақы үшін үстеме жұмысты да қоса алғандар болыпты. Сондай-ақ төмен еңбекақығы төзе алмай, жұмыстан кету туралы арыз жазғандар да жолы болып, жалақсын жоғарылатып алған көрінеді.

Ал керісінше, айлық еңбекасыны көтеру туралы өтініш айтуды ұят санағандар сол қалпында тапжылмай қала берген. Олардың басым көпшілігі "басшылық өзі қаламайынша, жалақыны көтермейді. Сондықтан ол туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ" деп санаған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734502-zmystagy-zalakyyzdy-kalaj-kteruge-bolady/

pixel