KZ

"Даму" қоры арқылы Солтүстік Қазақстанда 495 жоба қаржыландырылды

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстанда "Даму" қоры арқылы өткен екі жылда шағын және орта бизнестің 495 жобасы қаржыландырылды.

Бұл туралы қор филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Солтүстік Қазақстанда "Даму" қоры арқылы іс жүзінде берілген несиенің жалпы сомасы 16,7 миллиард теңгені құрап отыр.

Бұл қаражатқа шағын және орта бизнестің 495 жобасы қаржыландырылды және 816 жұмыс орны құрылды.

"Даму" қорының жергілікті филиалы 2011 жылға осындай жетістіктермен келіп отыр. "Даму" қорының ұстанып отырған негізгі бағыты - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын және "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсету болып табылады.

Новости Казахстана
"Даму" қоры арқылы Солтүстік Қазақстанда 495 жоба қаржыландырылды
Mailfire view pixel