Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Орынбек "ауызашарға ауыз бекітпей, қай бетімен барғанын" түсіндірді (фото)

Опубликовано:

Танымал блогер Айгүл Орынбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ұстаз Арман Қуанышбаевтың сөзіне наразылығын танытты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Айгүл Орынбек
Фото: Айгүл Орынбек: UGC

Наразылықтың тууына уағызшының "Ораза ұстамасаң, ауызашарға қай бетіңмен келесің?" деген сөзі түрткі болды.

"Екі бетіммен бардым! Анау-мынау емес, Шымкенттің қақ ортасындағы, Орталық мешітке бардым. Барып көрейінші, желкемнен ұстап шығарып жіберер ме екен деген оймен бардым... Қасиетті айда зәрін шашып жатқанына қарағанда... Оразаны аш адамға бер деген Алланың үкімі жоқ!
Айгүл Орынбектің фейсбук парақшасынан.
Айгүл Орынбектің фейсбук парақшасынан.: UGC

Блогердің айтуынша, Шымкенттегі имамдардың ниеті түзу, мінезі көркем екен. Ал Арман Қуанышбаев болса, мұсылман адамның мейірімді болу керектігін ұмытып кеткен дейді блогер.

"Ең бастысы ниетте! Ниетің түзу болсын деп бекер айтпаған! "Ораза тұтпаған бізден емес, намаз оқымаған бізден емес"' деп шығатындар осындай уағызшылардың мүридттері! Жасаған амалыңның керегі не, ниетің дұрыс болмаған соң", - деп жазды өз сөзінде блогер Айгүл Орынбек.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде ұстаз Арман Қуанышбаевтың "Ауызашарға қай бетіңізбен келдіңіз?" деген атаумен шыққан уағызы тарап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734322-ajgl-orynbek-auyzasarga-auyz-bekitpej-kaj-betimen-barganyn-tsindirdi-foto/

pixel