Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оразадағы 30 игі іс: Отандық кәсіпкер туған жеріне көмек көрсетті

Опубликовано:

Танымал қазақстандық кәсіпкер және филантроп Оралбек Ботбай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сөз болған «Туған жер» бағдарламасы аясында Қошқар Ата ауылына күннен қуат алатын көше шамдарын орнатып, биыл мектеп бітірген үш түлекке өз атынан грант тағайындады.

Оразадағы 30 игі іс: Отандық кәсіпкер туған жеріне көмек көрсетті

Шымкент қаласынан 200 шақырымға жуық қашықта жатқан Қошқар Ата - өзінің сұлу табиғатымен және жанға жайлы таза ауасымен Бәйдібек ауданында ерекшеленіп тұрған таулы ауыл. Жер жағдайына байланысты Ақтас, Борлысай ауылымен жалғасып жатқан ауыл тұрғындары үшін көшені жарықтандыру өзекті мәселе еді. Себебі, таулы ауылда күн кеш шығып, ерте батады. Сондықтан да, аталған мәселені шешуді өз мойнына алған осы өңірдің тумасы Оралбек Қожамжарұлы қытайлық кәсіпкерлермен бірлесіп, заманауи Huaming көше шамдарының 500 данасын өз ауылына орнатты.

Бұл шамдардың ерекшелігі: wi-fi тарату, телефонды қуаттау, бағана басындағы шамды ұялы телефон арқылы басқару, көшедегі көлік қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін радар қызметі секілді 14 функцияны қатар атқарады. Сондай-ақ, түннің уақытына қарай шамның қуаты автоматты түрде ауысып, айтарлықтай қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Елімізде алғаш рет жүзеге асып жатқан бұл бірегей жоба алдағы уақытта өзге де өңірлерде жалғасын табады.

Оразадағы 30 игі іс: Отандық кәсіпкер туған жеріне көмек көрсетті

Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген шара барысында, Қошқар Ата тұрғындары үшін арнайы ауызашар ұйымдастырған Оралбек Қожамжарұлы ауылға еңбегі сіңген және ел ішінде беделді азаматтарды «Қошқар Ата» қайырымдылық қорының атынан арнайы естелік медальмен марапаттады.

Оразадағы 30 игі іс: Отандық кәсіпкер туған жеріне көмек көрсетті

«Мен үшін туған ауылым әрқашан жүрегімнің түкпірінде тұрады. Әлемнің қай қиырына бармайын, өз ауылыма бір жақсылық әкелуді ойлаймын. Сондықтан кеш батса қараңғылық басатын көшемізге шам орнатамыз деп шештім. Енді байқасам, ұялы байланыс мәселесін шешіп, арнайы станция орнатамыз» деген О.Қожамжарұлы заманның кілті - білімде екенін айтып, ауылда мектеп бітіргелі отырған үш түлекке М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының толық грантын тағайындады. Арнайы ескеретін нәрсе өткен жылы О.Ботбай өзінің 50 жасқа толған мерейтойында «50 жасқа 50 игі іс» деп аталатын акция ұйымдастырып, Мәскеуде оқып жатқан қазақстандық 5 студент пен Алматы және Астана қалаларында оқып жатқан 15 студентке бір жылдық шәкіртақы тағайындаған. Сол акцияны жалғастыру мақсатында «Оразада отыз игі іс» деген жаңа жобаны қолға алған ол Мәскеу қаласындағы қазақ студенттеріне биылғы жылы да ауызашар ұйымдастырып, оқу үздіктерін «Қошқар Ата» естелік медалімен марапаттап келді.

Оразадағы 30 игі іс: Отандық кәсіпкер туған жеріне көмек көрсетті

Мұндай қамқорлық пен қайырымдылыққа өз алғыстарын білдірген ауыл тұрғындарының атынан сөз алған 95 жастағы ҰОС ардагері Исахан Қалданов өз батасын беріп, мұндай жұмыс тектінің тұяғының қолынан келетінін жеткізді. Осы орайда өз пікірін қосуды жөн санаған Ақтас ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсен Жарқынбаев Елбасы мақаласына орай, өз туған елін ұмытпай, Борлысай ауыл әкімшілігінің басын қосқан О.Ботбайға елі мен жерін ұмытпай, Қошқар Ата әулиенің атынан медаль тағып, рухты жаңғыртып тарихты ұлықтағанына шын ризашылығын айтты.

Оразадағы 30 игі іс: Отандық кәсіпкер туған жеріне көмек көрсетті

Айта кететін жайт, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы, Борлысай ауылдық округі құрамына кіретін Қошқар Ата ауылы аудан орталығы - Шаян ауылынан шығысқа қарай 62 шақырым қашықтықта орналасқан. ХХ ғасырдың басында Юр дәуіріне тиесілі палеонтологиялық жәдігерлер табылған тарихи өлке. Әулие және Қарабастау кен орындарындағы свиталар әлем мойындаған Германиядағы Зольнхофен тарихи орынымен тепе-тең мойындалған және тасқа айналған птерозаврлар табылған.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734184-orazadagy-30-igi-is-otandyk-ksipker-tugan-zerine-kmek-krsetti/

pixel