Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да асылып өлген 25 жастағы полицейге қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

ОҚО-да жалдамалы пәтерде қызметтік формамен асылып өлген 25 жастағы полицейге қатысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: UGC

Марқұмның туыстары жігіттің өз-өзіне қол жұмсауына басшылық тарапын кіналаған болатын. Айтуларынша, қомақты қаржы сұраған басшылықтың бұл қорлығына шыдай алмаған жас жігіт суицидке барыпты.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі бұл іске қатысты жаңа деректің шыққанын мәлімдеді.

Ордабасы ауданында қызмет еткен марқұм полицей әріптестерімен бірге жалдамалы пәтерде тұрған. Қызмет барысында теріс қылығымен көзге түскен. Полиция бөлімінде тәртіп бұзушылыққа бейім қызметкер ретінде есепте тұрған.

Өзіне қол жұмсардан алдын, яғни, 14 мамырда полицей жиналысқа мас күйінде келген. Басшылық тарапынан берілген тапсырмаға сәйкес ол облыстық наркологиялық диспансерден тексеруден өтіп, қорытындыға сәйкес қанында алкогольдің бар екені расталыпты.

Басшылық тарап полицейдің қызмет барысындағы өрескел әрекетін оның әкесіне хабарлаған да екен.

Айта кетейік, қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталып, экспертиза тағайындалған. Қазіргі таңда ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан Ордабасы аудандық Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734061-oko-da-asylyp-lgen-25-zastagy-policejge-katysty-zaa-derek-sykty/

pixel