Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бәрі жылады: 25 мамырда егіле жылаған қыз жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Опубликовано:

Instagram желісінде 25 мамыр күні мектебінен жылап қайтқан кішкентай қыздың видеосы тарап, жұрттың жүрегін елжіретті деп жазады NUR.KZ.

Видежоазбада көзінің жасын тыя алмай тұрған қыз анасына мектепте көргенін баяндап тұр. Алайда өзі анасының "неге жыладың?" деген сұрағына не деп жауап берерін білмейді.

"Білмеймін әйтеуір 11-сыныптарға қарап апай да жылады. Сыныптағы қыздар - бәріміз жыладық. Тек ұлдар ғана жыламады", - дейді қыз.

Видеоны көрген желі қолданушылары балақайдың әрекетіне күле қарап, "періште қыз, көңілі елжіреп кеткен ғой" деген пікір жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733882-bri-zylady-25-mamyrda-egile-zylagan-kyz-zrtty-zregin-elziretti-video/

pixel