Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман-тілегіміз орындалуы үшін қандай 10 әдепті сақтау керек?

Опубликовано:

Әрбір мұсылман баласы қасиетті рамазан айын құлшылықпен өткізіп, көбірек дұға оқу керектігін біледі. Алайда оның орындалуы үшін қандай әдептерді сақтаған жөн? Бұл туралы Azan.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Имам Ғазали өзінің еңбектерінде дұғаның қабыл болуы үшін сақталуы тиіс он әдепті атап көрсеткен.

1. Хадистерде айтылғандай дұға қабыл болатын күндері үздіксіз дұға жасау қажет. Мәселен: Арафат күні, жұма күні, Рамазан айында, кез-келген түннің үштен бір бөлігінде тағы басқа уақыттарда.

2. Дұғаны дұға қабыл болатын сипатта жасау қажет. Мысалы: сәждеде, жаңбыр жауып жатқанда, азан айтылғаннан кейін немесе намаздан кейін.

3. Дұға жасаған кезде жүзді құбылаға бұрып, қос қолды көкке көтеріп жасау қажет. Сондай-ақ, дұға етіп болған соң екі алақанмен жүзімізді сипауымыз сүннетке сай болмақ.

4. Дұғаны жай, бәсең дауыспен сұрау.

5. Хадистерде келген дұғаларды оқу арқылы, тілек тілеу. Шешендікке салынып, сөзді көбейтіп, небір әдемі сөздер мен ұйқастарды қуалап дұға етудің қажеті жоқ.

6. Алла Тағаланың күш-құдіретіне мойынсұну әрдайым жүректің төрінде тұрмағы ләзім.

7. Алла тағала дұғамды қабыл етеді деген нық сенімде болу керек. Адам баласы Жаратқанның оны естіп және дұғасына жауап беретініне зәредей күмән келтірмеуі керек.

8. Дұғаның арасын үзбей үш мәрте қайталаған жөн, әрі, үнемі осылай дұға жасау қажет.

9. Дұғаның басында және аяғында Алла Тағалаға мадақ, пайғамбарға (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту.

10. Алла Тағаладан белгілі бір қажеттіліктерді сұрамас бұрын, жасаған күнәларына шынайы түрде тәубе етіп, кешірім сұрап алу қажет.

Егер күнәңіз кез-келген бір адамның құқығын бұзумен байланысты болса, оның алдында кінәңізді жуып-шайып, ол кісіден кешірім сұрауыңыз керек. Жапа шеккен адамнан кешірім сұрап, оның ақысын өтегенде ғана біздің тәубеміз қабыл болады.

Сөз соңына айтарымыз, егер біздің қолымыз тілегенімізге жетпесе, Алла Тағала дұғамды қабыл етпеді деуге болмайды. Бәлкім, біздің бұл қажеттілігіміздің біз үшін қазіргі уақытта ешбір пайдасы жоқ шығар. Бәлкім, оның орнына Алла Тағала одан да жақсысын нәсіп етер, болмаса басымызға келе жатқан қандай да бір жамандықтың бетін қайтарады. Егер бұл аталған нәрселер болмаған күннің өзінде де, дұғамыздың жемісін ақырет күні аларымыз ақиқат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733862-arman-tilegimiz-oryndaluy-sin-kandaj-10-depti-saktau-kerek/

pixel