Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мезгілсіз өлім қаупін төмендететін азық-түлік анықталды

Опубликовано:

Күніне ең болмағанда бір жұмыртқа жейтін адамдар жүрек-қан тамырлары ауруына сирек шалдығады. Бұл туралы британ және қытай ғалымдарының еңбегінде айтылған, деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мезгілсіз өлім қаупін төмендететін азық-түлік анықталды
Мезгілсіз өлім қаупін төмендететін азық-түлік анықталды: UGC

Зерттеуге 30-дан 79 жасқа дейінгі 416 мың Қытай тұрғыны қатысты. Еріктілер төрт жыл бойы жұмыртқаны қаншалықты жиі жегенін айтып отырған, ал дәрігерлер олардың денсаулығын бақылаған.

Дәрігерлер бақылау жүргізген тоғыз жылдың ішінде 83 977 адам жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығып, оның 9 985-і көз жұмған.

Зерттеу нәтижесі аптасына кем дегенде бес жұмыртқа тұтынғандар екі жұмыртқа жегендермен салыстырғанда геморрагиялық инсульттен 28 пайызға, ал жүрек-қан тамырлары ауруларынан 18%-ға аз көз жұмғанын көрсетті.

Сонымен қатар, жұмыртқаны сүйсіне жейтіндер жүректің ишемиялық аурына 12%-а аз шалдығатын көрінеді.

Бұған дейін америкалық ғалымдар аптасына ең болмағанда екі рет балық жеу инфарктен немесе өзге де жүрек және қан тамырлары ауруларынан ерте қайтыс болу мүмкіндігін едәуір төмендететінін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1733619-mezgilsiz-lim-kaupin-tmendetetin-azyk-tlik-anyktaldy/

pixel