Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелімнің айлығы жақсы: Декреттік демалысқа шыққан әке жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

Осыдан бірнеше жыл бұрын балалы болған әйелдер декреттік демалысқа шығатын болса, қазір олардың орнын әкелер басқан. Мамандардың айтуынша, елімізде бала күтіміне байланысты демалыс алатын отағасылар саны күрт артқан. Бұған не себеп? Бұл жайында "Евразия" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: NoNaMe
Фото: NoNaMe: UGC

Соңғы бес жылда миллоннан астам қазақстандық азаматтар "1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты" әлеуметтік көмекке өтініш берген.

Ата заңның 99 бабында "Бала күтіміне байланысты декреттік демалысты ата-анасы немесе заңды түрде асырап алған жақындары ала алады" деп жазылған.

Ал ер-азаматтарымыз мұны әйелінің айлық-жалақысының аз екендігімен түсіндіруде.

Астана тұрғыны Жалғас: "Біріншіден қара жұмыс істеймін. Айлығым аз, жұмысым ауыр. Оның үстіне ұнамайды. Ал әйелімнң жалақысы әлдеқайда жақсы. Соның ақшасымен пәтердің ақысын төлеп, азық-түлік алып отырмыз. Бір жағынан жақсы, демалыс сияқты, жақсы", - деп ағынан жарылды.

Мамандардың айтуынша, әйелдердің айлығын жақсартпайынша, елімізде декреттік демалысқа шығатын әкелер саны арта бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733479-jelimni-ajlygy-zaksy-dekrettik-demalyska-sykkan-ke-zan-syrymen-blisti/

pixel