Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Неке түнінде жас келіннің қыздығын тексерген дұрыс па? (видео)

Опубликовано:

Қазіргі қоғамда өзекті тақырыптардың бірі некеге дейінгі төсек қатынасы. Бұл мәселеге келгенде қоғам пікір екіге бөлінеді. Ал неке түнінде жас келіннің қыздығына мән беру дұрыс па? Жаңа отбасыға келген бойжеткенді жеңгелері мен енесінің тексергені жөн бе? Бұл ойға қазақ жігіттері қалай қарайды? Бойжеткендер көкейіндегі сұраққа NUR.KZ порталы жауап береді.

Фото: Cвадебный каталог Svkatalog
Фото: Cвадебный каталог Svkatalog: UGC

Жас келіннің абыройын тексеру еліміздің солтүстік бөлігінде кездеспегенімен, оңтүстіктің кейбір өңірлерінде әлі күнге сақталып келеді.

Бұл істі жастар "жабайылыққа" теңесе де, ол салтымыздың бір бөлігі ретінде сақталған. Жас жігіт абыройынан айырылған қызға ғашық болып қалған жағдайда не істеуі керек?

"Өз ойым" бағдарламасының қонағы сүйген қызының пәк болмай шыққан айтты.

"Сүйген қызым пәк болмай шықты. Қазір бәрін қыздарға жаба беруге де болмайды ғой. Себебі, жігіттеріміз қыздардың құлағына жалған сөздерді көп іліп, алдап кетеді. Мен ол қызды түсініп, бірге жүрдік. Мәселе қыздықта ғана емес. Мінездің жарасуында", - дейді кейіпкер.

Ал бұл видеоны көрген желі қолданушыларының бірі өзіне пәк қыздың керек екенін алға тартты. Ал екіншілері: "Маңыздысы бір-бірін түсініп, ортақ тіл табыса білу" деген пікірде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733466-neke-tninde-zas-kelinni-kyzdygyn-teksergen-drys-pa-video/

pixel