Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасымбек: "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы несие күзге дейін беріледі

Опубликовано:

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша алғашқы займдар күзге дейін беріле бастайтынын мәлім етті. Бұл туралы Bnews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото mid.gov.kz
Фото mid.gov.kz: UGC

Министр берген мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда аталмыш бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алғашқы ипотекалар осы жылдың екінші жартысында беріле бастайды деп жоспарланып отыр екен. Алайда нақты уақыты әлі белгісіз.

"Жақын арадағы 2-3 ай көлемінде бірінші ипотекалық займдар беріледі деп ойлаймын", - деді Қасымбек.

Айта кетейік, "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы Қазақстан халқын баспанамен қамтамасыз ету бағытында президент бастамасымен қолға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733414-kasymbek-7-20-25-bagdarlamasy-bojynsa-algasky-nesie-kzge-dejin-beriledi/

pixel