Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Шалқар жұрты МузАрт пен Қайрат бастаған әншілердің кешін ойран етпекші

Опубликовано:

Шалқарлықтар «МузАрт», Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева бастаған эстрада жұлдыздарын қуып шығуға дайындалып жатыр. Қазақстан жұлдыздарының бейіттің жанында концерт қоюға келіскендері атышулы Шалқар тұрғындарының ашуына тиген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Атышулы Шалқар жұрты МузАрт пен Қайрат бастаған әншілердің кешін ойран етпекші
Атышулы Шалқар жұрты МузАрт пен Қайрат бастаған әншілердің кешін ойран етпекші: UGC

Бүгін Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүбірлі той. Өңірде «Шұғыла шалқарым» атты республикалық жерлестер форумы ұйымдастырылып жатыр.

Шараға «МУЗарт» тобы, Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева, Айгүл Елшібаева секілді танымал эстрада жұлдыздары шақырылған. Аудандағы форумға байланысты өткізілетін концерттік шара бейіт жанына ұйымдастырылады екен.

Бұл әрекет ауыл тұрғындарының ашуына тиіп отыр. Тұрғындар қыршын кеткен балалар мен Шалқардан шыққан танымал адамдар жатқан орынның жын-ойнаққа айналуына қарсы.

"Шалқарда сұмдық, опасыздық, халық ашуын көтеретін жағдай орын алғалы жатыр. Дүбірлі той өтеді. Барлық мұғалімдерден, әкімшілікте жасайтындардан ақша жиналуда.

Ең сорақысы, қаланың «Газопровод» шағын ауданындағы бейіт жанына сахна қойып, әншілерді шақырып жын-ойнақ істемекші. Ораза айында бұлар әруақтан да қорықпады.

Ол жерде қаншама, елдің азаматтары, жас балалар жерленген. Айналайындар, мұны шұғыл тоқтату керек", - дейді әкімнің қудалауынан қорқып атын атамауды сұраған ауыл тұрғыны.

Ұйымдастырушылар бейіт басына концерт өткізетін әрекеттерін қоймаса шалқарлықтар өз «концерттерін» қоюға дайын.

"БАҚ, әлеуметтік желі арқылы айтқан сөзімізден ештеңе шықпаса, айқай шығарамыз. Халықтың ашуын көретін болады. Облыс әкімі, аудан әкімдері,басқарма басшылары келе жатыр деп естідік. Бұл не деген сұмдық?!
Моланың қасына әншілердің ән айтуына қарсымыз. Шалқарда басқа концерт қоятын жер болмағаны ма?", - дейді ауыл тұрғындары.
Атышулы Шалқар жұрты МузАрт пен Қайрат бастаған әншілердің кешін ойран етпекші
Шалқардағы стадион. Фото: nur.kz: UGC

Ал аудан әкімі бұл жағдайды ауыл стадионының бейіт жанында орналасқанымен түсіндіреді.

"Концерт стадионда өтеді. Бейіт оның арғы жағында емес пе? Ақтөбе қаласында мешіт пен церковьтың ортасында шаралар ұйымдастырылатын парк тұрған жоқ па? Арызданғандар шараны кері қарай тартқан адамдардың пиғылы деп ойлаймын", - дейді Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев.

Шалқар ауданында өтетін форум аясында «SHALQAR SU»минералды су құю цехының ашылуы және облыс әкімінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылады.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басу, тарату немесе өзге мақсаттарға пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1733253-atysuly-salkar-zrty-muzart-pen-kajrat-bastagan-nsilerdi-kesin-ojran-etpeksi/

pixel