Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада аяқ асты дауыл тұрып, ауа райы күрт бұзылып кетті (фото, видео)

Опубликовано:

Бүгін, 22 мамыр күні, түстен кейінгі уақытта Астанада ауа райы күрт өзгеріп, алапат дауыл санаулы минуттардың ішінде елорданы орап әкеткен. Куәгерлер табиғаттың "тосынсыйын" видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жарыса бөлісуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада

Қала тұрғындарын қатты соққан жел есеңгіретіп тастаған.

Алапат дауыл елордада түске таман көтеріліп, бірнеше минутқа созылған. Жайсыз ауа райының соңы жаңбыр мен найзағайға ұласып, қала көшелері суға толды.

Астанада аяқ асты дауыл тұрып, ауа райы күрт бұзылып кетті (фото, видео)
Астанада аяқ асты дауыл тұрып, ауа райы күрт бұзылып кетті (фото, видео): UGC

ІІД ТЖК хабарлауынша, күшті жел Пирамиданың витражды терезелерін қиратып кеткен.

Айта кетерлігі, кеше ғана Астанада күн шығып, ауа райы + 26 градусты көрсетіп тұрған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1733117-astanada-aak-asty-dauyl-tryp-aua-rajy-krt-bzylyp-ketti-foto-video/

pixel