Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында жеңіліп қалған ресейлік хоккейшілер арақты судай сімірген

Опубликовано:

Финдік Iltalehti басылымы Даниядағы әлем чемпионатына келген ресейлік хоккейшілердің 26 млн рубльға арақ ішіп, уылдырық жегенін жария етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Арақ. Көрнекі фото: Русская семерка
Арақ. Көрнекі фото: Русская семерка: UGC

Даниялық отельдердің бірінде жайғасқан спортшылар шамамен 355 мың еуроға шығын шығарған. Олар қаражаттың денін ішімдікке және уылдырыққа құртыпты.

"Оларда тым көп уылдырық болды. Турнир кезінде бірталай араққа тапсырыс берілді. Мен мұндай ашулы әрі көңілі қалған клиенттерді сирек көремін. Ойында жеңіліс тапқан спортшылар арақты суша сімірді", - дейді отель қызметкерлерінің бірі.

Еске салсақ, Ресей құрамасы әлем чемпионатында Канада командасынан ұтылып қалған болатын.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1732863-lem-cempionatynda-zeilip-kalgan-resejlik-hokkejsiler-arakty-sudaj-simirgen/

pixel