Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем анамды ұрмаса екен": Желідегі қазақ баласының хаты көпшілікті жылатты (фото)

Опубликовано:

Танымал IT маманы Тимур Бектұр Instagram парақшасында Аққали есімді қазақ баласының жантебірентерлік хатымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Хат. Көрнекі фото: Журнал
Хат. Көрнекі фото: Журнал: UGC

"Маңғыстау облысының бас имамы Смайл Сейтбеков ағамыз өзінің парақшасында мешітке хат жазып қалдырған баланың тілегін жұртшылықпен бөліскен екен.

Қараңыздаршы, хаттан белгілі болғандай, төртінші сынып оқитын баланың ойында қаншама дүние, қаншама тілек, қанша психологиялық күйзеліс, қанша ой жатыр", - деп жазған Тимур хаттың суретін жүктеді.

Хатта балақай анасының аман-есен дүниеге перзент әкелуін және әкесінің оны ұрмауын тілейді.

""Е, Алла, біздің отбасы ең бақытты отбасылардың бірі болса екен. Әкем анамды ешқашан ұрмаса екен. Біздің үйге көп береке келсін. Барлығымыз қосылып, ата-әже, барлығы келіп, бір үлкен үйде тұрсақ екен.

Өзіміздің үйіміз болса екен. Әкем тез жұмысқа орналасса екен. Анам тез айлық алса екен. Мен бесінші сыныпқа өтсем екен. Әпкем тесттен жүз балл алып, техникалық мектепті бітірсе екен.

Әлемдегі ең бақытты отбасы болып кетейік. Анамның құрсағындағы сәби тәуір болып дүниеге келсе екен. Көп-көп рахмет саған, Алла", - деп тілек жазылған балақайдың хатында.

Баланың хаты
Баланың хаты: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731941-kem-anamdy-rmasa-eken-zelidegi-kazak-balasyny-haty-kpsilikti-zylatty-foto/

pixel