Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер бетіндегі ағзаға ең пайдалы өнімдер қандай?

Опубликовано:

Еуропалық диетология қауымдастығы адам тұтынатын өнімдерге зерттеу жүргізіп, оның ішіндегі ең ағзаға пайдалысын анықтады. lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы дәмді әрі пайдалы өнім түрлерін назарға ұсынады.

Фото: Lemurov.net
Фото: Lemurov.net: UGC

1. Ағзаға тигізер пайдасы жөнінен тізімнің алғашқы қатарында қызанақ тұр. Оның құрамында ликопин деп аталатын антиоксидант бар. Ол қатерлі ісік ауруына қарсы тұруға көмектесіп, жұрек пен қан айналымына да жақсы әсер етеді екен.

2. Екінші орында - сұлы жармасының ботқасы. Онда пайдалы дәрумендердің көптігі соншалық, ағзаның күнделікті жұмысын ретке келтіріп отырады.

Фото: Lemurov.net
Фото: Lemurov.net: UGC

3. Киви де ең пайдалы жеміс түрі саналады. Оның құрамында С,Е және А дәрумендері мен Омега-3 те кездеседі. Бұл жеміс сүйекке жақсы әсер беретін көрінеді.

Фото: Lemurov.net
Фото: Lemurov.net: UGC

4. Қара түсті жүзім - қан тамырлары мен жүрек қызметіне ең жақсы әсер ететін жеміс.

5. Бесінші орынға балық пен теңіз өнімдері кірген. Оның әсіресі, көзге пайдасын көпшілік жақсы біледі.

6. Брокколи - кез-келген жастағы адамға пайдалы өнім.

Фото: Lemurov.net
Фото: Lemurov.net: UGC

7. Авокадо - қамыбат болса да, денсаулыққа пайдасы үшін алып жеп тұруға тұрарлық өнім. Ол мидың жұмысын жақсартады.

Фото: Lemurov.net
Фото: Lemurov.net: UGC

8. Тауық жұмыртқасын аптасына 5-6 рет жеу арқылы ағзадағы ақуыз деңгейін көтеріп, жастықты ұзақ сақтауға болады.

9,10. Соңғы орындарда сарымсақ пен зәйтүн майы бар. Ол ас қорыту жүйесінің жұмысын ретке келтіреді.

Фото: Lemurov.net
Фото: Lemurov.net: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1731874-zer-betindegi-agzaga-e-pajdaly-nimder-kandaj/

pixel