Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баласын көлігінде ұмытып кеткен әйел қамауға алынды

Опубликовано:

АҚШ-тың Ноксвилл қаласында 38 жастағы әйел сауда орталығына кіріп, баласын көлігінде қалдырып кеткен. Сәби күн астындағы көлікте біраз уақыт жылап жатқан деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: 7info.ru
Көрнекі фото: 7info.ru: UGC

Абырой болғанда сауда орталығында жұмыс істейтін әйел көлік ішінде қалып кеткен сәбиді байқап қалған. Ол дереу полицияға хабар беріп, тәртіп сақшылары келгенше көліктен баланы өзі шығарып алады.

Құтқарушы әйел балаға бірден су құйып, әбден қызып кеткен денесін салқындатқан. Себебі күн астында тұрған көлікте температура 40 градусқа дейін көтеріліп кетіпті.

Тәртіп сақшылары баланы қалдырып кеткен әйелді қамауға алып, тергеу жұмыстарын бастап кетті. Белгілі болғандай, ол сәбиді уақытша қамқорлығына алған болып шықты. Ал полицияға берген мәлімдемесеінде өзімен бірге кішкентай баланы алып келгенін ұмытып кеткенін айтыпты.

Айта кетейік, мұндай жағдай АҚШ-та жиі кездеседі екен. Осыған дейін қоғамды дүрліктірген оқиғада америкалық азамат Ресейден асырап алған баласын көлікте қалдырып кеткен. Сәби 55 градус ыстыққа шыдай алмай, көлік ішінде жан тапсырыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1731842-balasyn-kliginde-mytyp-ketken-jel-kamauga-alyndy/

pixel