Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімі әбден мазақ еткен оқушы қыз өз үйінің ауласында асылып өлді

Опубликовано:

Өзбекстанның Самарқан облысында 17 сәуір күні №45 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы қорада асылып өлген деп хабарлайды Centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұғаліммен

Марқұмның көршісінің айтуынша, жасөспірім қыз ұзақ уақыттан бері мектеп мұғалімімен жанжалдасып келген.

"Мұғалім оны әбден мазақ қылатын. Соған шыдамаған қыз асылып өлген деседі. Жастай кеткені өкінішті", – деді ол.

№45 орта мектептің басшылығы оқушы өліміне қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Ауыл белсендісі Карим Саттаров оқушы "мұғалім қысымынан өз-өзіне қол салған" дегенді жоққа шығарып отыр.

"Қыз оқыған мектепке өзім бардым. Оның мұғалімі шын мәнінде қатал әрі талапшыл екен. Бірақ ол барлық балаларға сондай талап қоятын. Ол сабақтан қалған балалардың үйлеріне баратын.

Оқушылардан "мұғалім ұрды ма?" деп сұрағанымда, олар үндемеді. Асылып өлген қыз нашар оқитын деп айтты.

Ол көп сөйлемейтін. Өзіне қол салуға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеуді прокуратура жүргізіп жатыр", - деді ауыл белсендісі.

Марқұмның отбасы мүшелері журналистермен сөйлесуден бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1731779-mgalimi-bden-mazak-etken-okusy-kyz-z-jini-aulasynda-asylyp-ldi/

pixel