Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өз әйелін пышақтап өлтірген азамат экс-прокурор болып шықты

Опубликовано:

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының санкциясымен экс-прокурор қамауға алынды. Ол əйелімен университет ішінде жанжалдасып, баспалдақ үстінде пышақтап тастаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте өз әйелін пышақтап өлтірген азамат экс-прокурор болып шықты
Шымкентте өз әйелін пышақтап өлтірген азамат экс-прокурор болып шықты: UGC

Күдікті азаматқа Қылмыстық кодекстің 99 бабы ( "Қасақана өлтіру") бойынша айып тағылған.

"Қанды оқиға болған күні марқұмның туған күні екен. Заңды некедегі екінші əйелін күдікті өзімен бірге ала келген асхана пышағымен өлтірген деген айып тағылды.

Азамат сот санкциясымен екі айға қамауға алынды", - деді Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстанов.

Əйелін туған күнінде пышақтады деп айып тағылған күдікті Шымкент қаласындағы аудандық прокуратураның бірінде қызмет еткен деп мәлімдеді судья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1731678-symkentte-z-jelin-pysaktap-ltirgen-azamat-eks-prokuror-bolyp-sykty/

pixel