Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иесін күні бойы аялдамада күткен ит елдің жүрегін елжіретті (фото)

Опубликовано:

Қытайлық иесін күніне 12 сағат бойы бекетте күтіп жататын Сенсин есімді ит әлем жұртшылығының жүрегін елжіретті деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Чунсин қалашығынан күнде таңертең жұмысқа кететін егесін күтіп жатқан итті жүргіншілер суретке түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген.

Қазір иттің жасы 15-ке келген. Оны Чен осыдан сегіз жыл бұрын асырап алған.

Айта кетейік, Сенсин иесі метродан түскенше ешбір адамға назар аудармайды екен. Тіпті олардың берген тәттісі мен тамағын да жемейді. Егесіне адалдық танытқан Сенсинді қалашық тұрғындары "Хатико" деп атап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1731623-iesin-kni-bojy-aaldamada-ktken-it-eldi-zregin-elziretti-foto/

pixel