Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұбайы Бейбітке жыр жолдарын арнаған Тоқтар Серіков көпті сүйсінтті (фото)

Опубликовано:

Тоқтар Серіков жұбайы Бейбітке сезімге толы жыр жолдарын арнап, елдің қошеметіне бөленді. Әнші сүйіктісін туған күнімен құттықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Тоқтар Серіков. Фото: Instagram
Тоқтар Серіков. Фото: Instagram: UGC

Отанасының жеке меншік мерекесіне арнаған жүрек тебірентер арнауын Тоқтар Серіков Instagram парақшасында жариялады.

"Жарым, мен сенің қасыңдамын,
Мен қасыңда жүргенде жасымағын.
Жаратқанға ризамын сені берген,
Болмауы қақ өзіңдей асылда мін.
Сен аман бол, аман бол, асыл жарым", - деп жазды ол.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары "Бақыттарыңыз баянды болсын", "Жұптарыңыз жазылмасын", "Отбасыларыңыз аман болсын", + деп жылы лебіздерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1731003-zbajy-bejbitke-zyr-zoldaryn-arnagan-toktar-serikov-kpti-sjsintti-foto/

pixel