Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасанды кірпік жапсырудың зияны туралы білесіз бе?

Опубликовано:

Жасанды кірпік жалғау - қазіргі күннің басты трендерінің бірі. Айналаңызға қарасаңыз, екі қыздың бірінен ұзын кірпікті байқайсыз. Алайда сұлулық үшін жасалған бұл қадамның қыздар қауымына тигізер зиянды әсері де бар деп хабарлайды Ernur.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жасанды кірпік жапсырудың зияны туралы білесіз бе?
Жасанды кірпік жапсырудың зияны туралы білесіз бе?: UGC

Жасанды кірпік жапсырудың бір пайдасы күн сайын косметикамен баянып жатпайсыз, кемінде бір ай сол кірпіктермен жүруге болады.

Дегенмен, кірпік жалғар кезде төмендегі 3 кеңесті назардан тыс қалдырмаңыз:

  • Жасанды кірпік қабақтың терісіне айтарлықтай зиян келтіреді. Егер кірпік жалғайтын маманның желімі сапасыз болса, терінің қабынуы және бөртуі мүмкін. Мұның алдын алу үшін кірпікті жалғамай тұрып, маманның қандай құралдарды пайдаланатынын зерттеп алу керек. Олардың сапасы өте жоғары болуы маңызды. Кірпік жалғайтын мамандардың тым арзан ұсыныстарынан бас тартқан жөн.
  • Табиғи кірпіктеріміздің түсуі қалыпты жағдай. Ол да басымыздағы шаш сияқты уақытымен жаңарып отырады. Орта есеп бойынша табиғи кірпіктің мерзімі 200 күн, одан кейін орнына жаңа кірпік өседі. Ал жасанды кірпік жалғайтын кезде олардың мерзімі қысқара береді. Әсіресе көлемді кірпікті жабыстырғанда, табиғилары тез «шаршайды».
Жасанды кірпіктен өзіңіздің кірпіктеріңіздің зақымданатыны айдан анық. Ол әсіресе маманның сауатсыздығынан және кірпікті өзіңіз алып тастайтын болсаңыз еселене түседі. Сол себепті жасанды кірпікті жалғау кезінде де, алу кезінде де білікті маманның қызметіне жүгініңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1730980-zasandy-kirpik-zapsyrudy-ziany-turaly-bilesiz-be/

pixel