Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруді қабылдады (фото)

Опубликовано:

Жамбыл облысында Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен әскери шеру болып өтті. Арнайы әскери шара Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Елбасы Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруді қабылдады
Елбасы Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруді қабылдады: UGC

Отан қорғаушылар мерекесіне орай өткен әскери шеру 40-шы "Отар" әскери базасында өтті. Шараға келгендерге әскери оқулармен қатар әскер дайындығы мен техникасы көпшілік назарына көрсетілді.

Мерекелік шеруге үш жүзден астам әскери қызметкер қатысып, 300 әскери техника мен 30-дан астам ұшу апараттары жұмылдырылды.

Бауыржан Байбек
Бауыржан Байбек: UGC

Мемлекеттік туды президенттік "Айбын" полкінің әскери қызметкерлері алып шықты.

Елбасы әскери шараға Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовпен бірге арнайы тікұшақпен келді. Жоғарғы бас қолбасшыны салют атып қарсы алған.

Әсет Исекешев
Әсет Исекешев: UGC

Шерудің бірінші бөлімінде президент атынан Алматы мен Астана және облыс әкімдеріне аймақтық қорғаныстағы әскери бөлімдердің байрағы табысталды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Елбасы шеруді кәсіби деңгейде өткізген әскерилерге алғыс білдірді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Қазақстандық әскери қызметкерлер - ата-бабаларымыздың сенім артар әрі болашағынан үміті зор ізбасарлары. Ел өркендеуі үшін жойқын соғыста фашизмді жеңген олардың ерең еңбегі міңгі жасайды.
Бүгінгі күні Қазақстан әскері ел қорғанысында нық тұр. БҰҰ атынан түрлі бейбітшілік орнату шараларына да қатысып, өз үлесін қосуда. Тәуелсіз Қазақстан қашанда бейбіт саясат жүргізіп келеді. Алайда заманауи жағдайлар бізді әр түрлі оқиғаларға дайын болуымызды қажет етеді.
Жүйелі түрде соңғы үлгідегі әскери техниканы сатып алу іске асырылып жатыр. Оларды меңгеру істері де атқарылған. Біздің алдағы мақсат - заманауи мобилді, кәсіби білікті әскер құру. Ол үшін Қазақсатнда барлық мүмкіндіктер бар. 2020 жылға қарай әскери салаға арнайы бөлінетін қаржы мөлшері болады", - деп айтты жоғарғы Бас қолбасшы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақсатндықтарды Отан қорғашылар күні мен алдағы жеңіс күнімен құттықтады. Президент сөзінен кейін мемлекеттік әнұран шырқалып, әскери жаяу шеру басталды. Оған түрлі әскери саладағы қызметкерлер қатысты.

Әскери шеруге әуе қорғанысының өкілдері де қатысты. Әскери авиация тікұшақтары мемлекеттік ту мен әскери жалаулармен қоса ұшты.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1730741-elbasy-otan-korgausylar-knine-arnalgan-skeri-serudi-kabyldady-foto/

pixel