Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлер қауымын естен тандырған айдай сұлу тәжік қыздары кімдер?

Опубликовано:

Тәжікстан азаматтарының төрттен үш бөлігі басқа елге барып тұруды жөн санайды. Азия сұлулық стандарттары бойынша тәжік ер азаматтары үздік ондықтан әлдеқайда алыс орналасса, бойжеткендері керісінше хас сұлулардың бірі болып есептеледі деп хабарлайды trendymen.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: trendymen.ru
Фото: trendymen.ru: UGC

Тіпті әлемнің ең көрікті арулар тізімі де тәжік қыздарынсыз болмайтыны анық. Өздерінің табиғи сұлулығымен ерекшеленіп, күллі Азия жұртын мойындатқан тәжікстандық бойжеткендерді білу мақсатында олардың арасынан ең әдемілерін іріктеп алдық. Бірінен-бірі өтер хас сұлу арулар арасынан үздік ондықты таңдау қиынға түсті.

Фәтима Махмадуллаева

Фото: trendymen.ru
Фото: trendymen.ru: UGC

Ару өзінің ерекше азиялық табиғи сұлулығымен басқа қыздардан өзгешеленеді. Өткен жылы Face of Central Asia беделді байқауының финалисі болған.

Нодира Мозитова

Фото: trendymen.ru
Фото: trendymen.ru: UGC

Нодира танымалдылыққа мүлдем ұмтылмамйтын қыз. Оның әлеуметтік желіде тек қана Instagram парақшасы ғана бар. Ол өзі жайлы ақпаратпен көп бөлісе бермейді. Өмірін жасырын ұстайтын дәл осы аруды көпшілік ең сұлу тәжік қызына теңеп жатады.

Мохираи Тохири

Фото: trendymen.ru
Фото: trendymen.ru: UGC

Бізге танымал болмаса да, өз елінде нағыз жұлдыз саналатын сұлу бойжеткен әншілік кәсіппен айналысады. Оның шығарған альбомдарын тәжік тыңдармандар түк қалтырмай сатып алып жатады.

Мунира Мирзоева

Фото: trendymen.ru
Фото: trendymen.ru: UGC

Бұл сұлу бикештің жұлдызы 2015 жылы жанған. Мунираны көше сыпырушысы деп ойлап қалған румыниялық фотограф Михаэло Норок оны суретке түсіріп алды. Алайда ару қыз көше сыпырмайды, ол көше бағбаны болып жұмыс істейтін болып шықты. Фотограф түсірген сурет желіге тарап, оқырмандар Мунираның көркіне тәнті болған.

Гүлбахар Бекназар

Фото: trendymen.ru
Фото: trendymen.ru: UGC

Гүлбахар Тәжікстандағы ең танымал қыздардың бірі. Ол бағындырған отандық сұлулық байқаулары да қалмаған. Сол сепбепті ару халықаралық деңгейге шығып, 2016 жылы Дубайда өткен "Сулұлық патшаймы" конкурсына қатысты.

Тутинисо Аллаева

Фото: trendymen.ru
Фото: trendymen.ru: UGC

Бұл аруды мінсіз мүсін иесі ретінде қабылдауға әбден болады. Өйткені бет-әлпет сұлулығынан бөлек, бойжеткеннің дене сымбаты да 95-60-95 әлемдік стандартына да сай келген.

Мадина Тахер

Фото: trendymen.ru
Фото: trendymen.ru: UGC

Мадина шын мәнісінде ауғандық тамырлары бар тәжік қызы. Алайда ол баяғыдан бері өзін неміс азаматшасы ретінде сезінеді. Ұзақ уақыт бойы Германияда тұрған бойжеткен әлемдік сұлулуық байқауына да осы ел намысын қорғап барды.

Мождах Джамалзадах

Фото: trendymen.ru
Фото: trendymen.ru: UGC

Мождах Кабул қаласында дүниеге келген. 15 жасында ол Тәжікстаннан АҚШ-тағы Каанада қаласына көшіп барды. Америкаға қоныстап табысты әнші және актрисаға айнаылған арудың шығармашылығы талибандықтар көңілінен шықпаған көрінеді. Өйткені ол әлі күнге дейін қоқан-лоққы мағынасында жазылған хаттарды алып тұрады.

Хаммаса Кохистани

Фото: trendymen.ru
Фото: trendymen.ru: UGC

Хаммаса - 2005 жылы "Англия аруы" атағына ие болған тұнғыш мұсылман қыз. Арудың ата-анасы талибандықтардың дәстүрлі түсініктері қыздарының кәсібіне кедергі келтірерін біліп, Кабулды Англияның Лондонына алмастырған. Бүгінгі күні Хаммаса модельдік бизнестегі үздіктер қатарына кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1730539-erler-kauymyn-esten-tandyrgan-ajdaj-slu-tzik-kyzdary-kimder/

pixel