Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаман ішкенін айтады: Гүлзира Айдарбекова тамағын көрсетем деп сынға қалды (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас Атырауда отбасылық екі кешін өткізді. Осы орайда әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова өзге қаланың мейрамханасында тамақтанған сәтін желіге жүктеп қойған. Алайда продюсердің бұл ісі көпшілікке ұнамай, ол сынның астында қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Гулзира Айдарбекова.Фото: Алаш айнасы
Гулзира Айдарбекова.Фото: Алаш айнасы: UGC

"Атырау халқы мықты күтуде", - деп жазған Гүлзира Айдарбекова желі қолданушылары дүрсе қоя берді.

"Жаман ішкенін айтады" деген осы", "Сізді осынша мақтаншақ деп ойламаппын", "Ішкен-жегеніңізді жариялай бергенше, немерелеріңіздің жетістігін жазсаңызшы", "Тамақты кім жемейді, Мейрамханаға кім келмейді",

"Үйімізде қанша қонақ күтіп, дастархан жайсақ та, сіз сияқты мақтанбайды екенбіз" деп продюсерді сынның астына алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1730520-zaman-iskenin-ajtady-glzira-ajdarbekova-tamagyn-krsetem-dep-synga-kaldy-video/

pixel