Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік келіншектен күйеуі өзге еркекпен төсектес болуды сұраған

Опубликовано:

17 жасында алып қашқан күйеуінен бала сүйе алмаған ақтөбелік келіншекке амалы таусылған жолдасы басқа азаматпен бірге болуын сұраған. Басынан кеешкен қиын сәттерді ол NUR.KZ тілшісіне баяндап берді.

Ақтөбелік келіншектен күйеуі өзге еркекпен төсектес болуды сұраған
Ақтөбелік келіншектен күйеуі өзге еркекпен төсектес болуды сұраған: UGC
"Өмірдің қиыншылығын көп көрдім. Қайғымды бөліспесем ішіме сыймай барады. Менің тағдырым басқаларға сабақ болса деймін. Қыз бала өз тағдырына бей-жай қарамау керек. Қиыншылық байға тиюмен бітпейді екен.

Отбасымның тұрмысы нашар болды. Анам ерте тастап кеткендіктен апамның үйінде тәрбиелендім. Ішіп-жегеніме дейін сөз болып, қатты қорланатын едім.

17 жасымда көршімнің інісі алып қашты. Қыз балаға босаға аттағаннан кейін кеткен ұят болады деп ойлап, оның үстіне әлпештеп отырған ата-анам жоқ, тұрмысқа шықсам жағдайым жақсарар деп үміттендім", - дейді алғаш рет келін болған кезін баяндаған келіншек.

"Ол кезде медициналық колледждің 2-курсында оқимын. Салмақ түсірмей қосымша жұмыстарда жүрдім. Үш жыл өте шықты. Арамызда бала болған жоқ.

Туыстары "бәлесі бар қатын" деп ауыздарына келгенін айтатын. Қаралмаған жерім жоқ, барлығы "денсаулығың жақсы, бала көтеруге еш кедергі жоқ" деп шығарып салады.

Үш жылдан кейін жолдасымды дәрігерге ертіп апардым. Еркектік қуатының бала көтеруге әлсіз екенін айтты. Одан кейін ұрық көшіру арқылы қайнағамның ұрығын салдырды. Ештеңе шыққан жоқ. Отбасының қуанышы бала емес пе? Қатты қиналып кеттім.

Жолдасым менің жағдайымды көріп, бала керек болса басқа адаммен жатуымды сұрады. Таныстарын ертіп әкеліп, өтініш те жасады.

Сол кездегі қорланғанымды еш әйелдің басына бермесін. Ата-енемнің рұқсатын алып, ажырасып кеттім", - деп сорақы күндерді есіне алды ол.

Екі жылдан кейін басқа адамға тұрмысқа шыққан әйелдің қазір үшінші баласына аяғы ауыр екен.

"Мен бақыттымын. Әйел өз бақыты үшін күресу керек екен. Асып-тасып жатқан байлыққа малынып отырған жоқпын. Балаларыма сүт пен нан алып бере аламын. Жолдасым жақсы көреді, сыйлайды.
Амандығын тілеп отырған балаларымыз бар. Ең бастысы - әңгімеміз ортақ. Мен әр қызға жаныңды түсіне алатын адамға тұрмысқа шығуға кеңес берер едім", - деп әңгімесін аяқтады келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730505-aktbelik-kelinsekten-kjeui-zge-erkekpen-tsektes-boludy-sragan/

pixel