Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев екінші мәрте үйленгелі жатыр (фото)

Опубликовано:

Сирек кездесетін сырқатымен ел назарына түскен атыраулық Нұржан Өркешбаев NUR.KZ тілшісіне өз жаңалығын жария етті. Ерте қартайған қазақ баласы екінші рет отбасы құрғалы жатыр.

Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев екінші мәрте үйленгелі жатыр
Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев екінші мәрте үйленгелі жатыр: UGC
"Некемді қиғалы жатырмын. Әзірге менің жаңалығым осы. Ол адаммен Құлсарыға қонаққа барғанымда танысқан едім. Алла қаласа болашақ жарым болады деген ниетте отырмын. Ұлан асыр үлкен той болмайды. Ағайын туысты шақырып беташар жасап, некемізді қиямыз", - дейді Нұржан Өркешбаев.

Нұржанның болашақ жары - "Адай" руынан шыққан 24 жастағы бойжеткен Ақтау қаласынан екен.

Нұржан Өркешбаев. Фото: Instagram
Нұржан Өркешбаев. Фото: Instagram: UGC
"Әзірге бірге суретке түскен жоқпыз. Болашақ жарым фотосын жария етуге қысылып тұр. Бірақ міндетті түрде бұл қуанышты сіздермен бөлісетін боламын", - дейді Нұржан.

Бұған дейін шаңырақ көтеріп, жарымен ажырасып кеткен азамат келесі неке қию рәсімін мамыр айына жоспарлап отыр.

Нұржан Өркешбаев. Фото: Instagram
Нұржан Өркешбаев. Фото: Instagram: UGC

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін атыраулық Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрайтындай жаңалығы бар екенін айтқан болатын.

Материал ҚР заңнамаларына сәйкес қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп басуға рұқсат етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730488-erte-kartajgan-nrzan-rkesbaev-ekinsi-mrte-jlengeli-zatyr-foto/

pixel