Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік астынан шығарып алдық: Астанада жел ұшырып кеткен батутқа қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Астанада куәгерлер жел ұшырып әкеткен батут астынан балаларды қалай құтқарғандарын айтты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көлік астынан шығарып алдық: Астанада жел ұшырып кеткен батутқа қатысты жаңа дерек шықты
Көлік астынан шығарып алдық: Астанада жел ұшырып кеткен батутқа қатысты жаңа дерек шықты: UGC

Қатты дауылдан сауда орталықтарының бірінде батут аударылып, ойнап жүрген 5 бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Желдің қатты болғаны соншалық, аумағы 250 шаршы метрді құрайтын батут тұрған орнынан 20 метрге дейін ұшып кеткен. Ал бас сүйегі жараланып, миы шайқалған балалар небәрі 4 пен 10 жас аралығында екен.

«Қате аяқ астынан» деген осы болар. Көлемі үлкен резеңке ойыншыққа ойын балаларын осындай күйге түсірді. Қуатты жел алып батутты күтпеген жерден аударып жіберген. Батут бір жаққа, балалар бір жаққа ұшқан. Оқиғаны көргендер жағасын ұстап отыр.

"Машинаның астында жатқандар да болды. Жерде жатқандар да болды. Оның бәрінің жарақаттары ауыр болды. Өзімнің қарындасым болады сол батутқа мінбеген, қасында тұрған. Желмен батут оны да алып кеткен. Оның басы жарылған, қолы жараланған. Реанимацияда жатыр ол", - деді Қайрат Базарбаев.

Зар жылаған балалардың алған жарақаты тым ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, бірінің бас сүйегі сынса, екіншісінің миы шайқалған. Тағы бірі сол тізесін жарақаттаған. Енді біреуі желкесінде сіңірін созып алған. Көбісі 4-пен 10 жастың шамасында. Зардап шеккендердің барлығы №2 балалар ауруханасына жеткізілді. Ата-аналар мен жеткіншектердің туыстары жанын қоярға жер таппай, аурухананы айналшықтап жүр.

"Қаланың бүкіл жерінде батут. Оны неге қойып қойған? Үкімет ай қарап отыр ма, әкім не бітіріп отыр? Жылда қайталанады. Екі үйдің ортасына алақандай жерге батут қойып қояды. Оны көрген бала міндетті түрде соған бару керек", - дейді Астана қаласының тұрғыны Махира Байқадамова

Қазір оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. Куәгерлерден жауап алып оқыс оқиғаның қалай болғанын секундына дейін тәптіштеуге кіріскен. Енді тергеушілер жеке кәсіпкерге батутты орнатуға кім рұқсат еткенін, және дауылды күні неге жұмыс істегенін анықтауы тиіс. Егер батут қожайынының жауапсыздығы дәлелденсе, оған 12 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін. Немесе 5 жылға дейін сотталуы ықтимал.

Төтенше жағдай комитетінің мәліметінше, желдің күшеюіне байланысты осыған дейін Астанада дауылды ескерту жарияланған екен. Жел қуатының әлі де сақталуына байланысты, ата-аналарға балаларды алысқа жібермек, абай болу керектігін ескертіп отыр. Осы жағдайға байланысты арнайы тексеріс жүргізілетін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730411-klik-astynan-sygaryp-aldyk-astanada-zel-syryp-ketken-batutka-katysty-zaa-derek-sykty/

pixel