Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәрім Көкірекбаев Шу өзенінің арнасындағы су шаруашылығымен танысты

Опубликовано:

Сағасы да жағасы да егіз болып саналатын Шу мен Талас – трансшекаралық өзендер екені белгілі. Мамандардың айтуынша соңғы кездері болып жатқан климаттық өзгерістер осы екі өзенге де зардабын тигізе бастағанға ұқсайды.

Шу мен Талас - молшылықтың бастауы
Шу мен Талас - молшылықтың бастауы: UGC

Атап айтқанда, келешекте олардың ағысы 40 пайызға дейін баяулауы мүмкін. Бұған әрине, әртүрлі экологиялық және басқа да жағдайлар себеп болуда. «Судың да сұрауы бар» дегендей осындай екі ел арасындағы өзендерді ұтымды және жоспарлы түрде пайдалану Қазақстан мен Қырғызстан шаруашылықтары үшін аса маңызды.

Жалпы алғанда әлемде екі немесе одан да көп елдердің саяси шекараларын қиып өтетін 263 халыраралық су бассейні бар екен. Бұл су қоймалары аумағында жер шарындағы бүкіл халықтың 40 пайызы тұрады және бұл су айдындары барлық ауыз судың шамамен 60 пайызын құрайды. Халықаралық бассейндер 145 мемлекет аумағын қамтып жатыр. Жер шарындағы адам санының өсуіне байланысты ұлттық шекараларды қиып өтетін су ағындарының стратегиялық маңызы арта түсуде.

Шу мен Талас - молшылықтың бастауы
Шу мен Талас - молшылықтың бастауы: UGC

Осы орайда Қазақстан тарапынан, Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Елшілігі тарапынан халықаралық су бассейні болып табылатын Шу мен Талас өзендері мәселесіне айрықша назар аударылып отыр. Өйткені, Қазақстанның Қырғызстанға шекаралас және осы екі өзен бойындағы аумақта орналасқан Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласы үшін көктем және жаз мезгілдерінде судың жеткілікті болуы – жергілікті халыққа игілік, молшылық.

Су тапшылығының алдын алу үшін Қазақстан Елшілігі келіссөздер жүргізу, өзен арнасы мен су қоймаларының жұмысын бақылау, мамандармен кеңесу сияқты тиісті жұмыстарды ерте көктемнен бастады. Атап айтқанда, 2018 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кәрім Көкірекбаев Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында орналасқан Орта-токой су қоймасына барып, Шу өзені арнасындағы су шаруашылығы құрылыстарының жұмысымен танысты.

Орта-токой су қоймасы басшылығының ақпараты бойынша алдағы вегетациялық кезеңде су жіберу үшін қазіргі кезде су қоймасына су жинау жұмыстары жүргізілуде. Қырғыз мамандарының мәліметіне қарағанда, биылғы жылы қыс мезгілінің гидрометеорологиялық ерекшелігіне орай су қоймасын сумен толықтыру ойдағыдай болған жоқ, бұл ретте су қоймасына судың Кочкор ауданынан келуі шамамен секундына 25 текше м. құрайды. Олардың бағалауы мен болжамы бойынша ағымдағы жылғы мамырдың басында су қоймасындағы су көлемі, қазіргі тәулігіне 2 млн. текше/м жағдайында, қажетті 450 млн. текше/м. жетпек және бұл Қазақстан мен Қырғызстанның шекара маңы облыстары дихандарының ауыл шаруашылығы суына деген қажеттілігін қамтамасыз ететін болады. Оған қоса көктемгі жауын-шашынның көптігі де фермерлердің астық егу жұмыстары үшін қолайлы жағдай туғызбақ. Сапар барысында К.Көкірекбаев су қоймасы инфрақұрылымының барлық техникалық мүмкіндіктерімен де танысты.

Атап кету қажет Қазақстанның бастамашылығы бойынша 2000 жылы Қазақстан Респубикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы құрылыстарын қолдану туралы келісім жасалып, осы құжат негізінде 2006 жылы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Шу және талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы құрылыстарын қолдану туралы комиссия құрылған болатын. Комиссияның қызмет саласына Қырғыз Республикасында орналасқан: Шу өзеніндегі Орто-Токой, Шу өзеніндегі Чумыш гидроторабы, Талас өзеніндегі Киров су қоймасы сияқты су шаруашылығы құрылыстары кіреді. Комиссияның 10 жыл ішіндегі жұмысы аталған жобаның өміршеңдігін көрсетіп, екі елдің тиісті ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері қалыптасты.

Шу мен Талас - молшылықтың бастауы
Шу мен Талас - молшылықтың бастауы: UGC

Орто Токой су коймасы Жамбыл облысының 3 ауданын (Шу, Қордай, Мойынқұм аудандары) сумен қамтамасыз етеді.

2018 жылғы 13 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі К.Көкірекбаевтың қатысуымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы, мелиорация және тамақ өнеркәсібі министрі Н.Мурашевпен кездесуі болды.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы және мелиорация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселері, атап айтқанда Киров және Орто-токой су қоймаларын сумен толтыру және Қазақстанның Жамбыл облысының тұтынушыларын вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Оған қоса фитосанитариялық және ветеринариялық бақылаудың жекелеген мәселелері де назардан тыс қалған жоқ және екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы ведомстволарының болжамы бойынша атқарылып жатқан шаралар қазақстандық нарыққа және ЕАЭО нарығына жеткізілетін қырғыз тарапының жеміс-көкөніс өнімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Оған қоса, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі К.Көкірекбаев Талас облысын аралап, Киров су қоймасының және Талас өзені мен басқа маңайлас жағалаудағы су шаруашылығы құрылыстарының жұмысымен жіті танысты. Сапар барысында ол Қырғыз Республикасы Үкіметінің Талас облысындағы Өкілетті өкілінің Бірінші орынбасары К.Осмонбековпен, Жамбыл және Талас облыстарының шекара маңы су шаруашылығы бірлестіктерінің басшыларымен кездесті.

Шу мен Талас - молшылықтың бастауы
Шу мен Талас - молшылықтың бастауы: UGC

Киров су қоймасының жалпы көлемі 550 мың текше/м. құрайды. Қырғыз мамандарының айтуынша Киров су қоймасын толтыру 2018 жылдың басында гидрометеорологиялық себептерге байланысты біршама кейіндеп (240 млн. текше/м) қалғанымен, қазір бұл мөлшер қысқарып (90 млн. текше/м), қазіргі кезде су қоймасына секундына 20 текше м. су ағыны құйылуда және жиналған су көлесі 389 млн.текше/м. құрайды.

Жыл сайын Киров су қоймасы Жамбыл облысындағы 4 аудандағы (Жамбыл, Байзақ, Талас, Сары су аудандары) 64 мың гектар жерді және Тараз қаласын, сондай-ақ Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданының 17 мың гектар жерді сумен қамтамасыз ететінін атап өткен жөн.

Болжамдар мен есептер бойынша бүгінде әр тәулікте орташа есеппен

2 млн. текше/м су құйылған жағдайында, үстіміздегі жылғы мамырдың ортасы мен аяғына қарай су қоймасындағы су көлемі қажетті 400-410 млн. текше/м. жетуге тиіс. Ал су қоймасына жиналатын судың мұндай көлемі Қазақстан мен Қырғызстанның шекара маңы облыстары шаруаларының суға деген қажеттілігін толықтай қамтамасыз ететін болады.

Қазақстан Елшісі Қырғызстан басшығымен, атап айтқанда Ауыл шаруашылығы, экономика салаларындағы басшылармен, Премьер-министрімен және Қырғызстан Президентімен кездесулер барысында трансшекаралық өзендер мәселесін тұрақты түрде көтеріп, ел халқының су мұқтаждығын шешуге айрықша көңіл бөліп отыр. Бұл екі елдің де игілігін көтеруге ықпал етері сөзсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1729827-krim-kkirekbaev-su-zenini-arnasyndagy-su-saruasylygymen-tanysty/

pixel