Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейлік орыс қызы қазаққа келін болуды армандайды

Опубликовано:

Семейде Медицина университетінің 1 курс студенті - Диана Милосердова ұлты орыс болса да, қазақ тілінде жетік меңгерген. Ол тіпті Абай Құнанбайұлы мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа біледі, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz: UGC

2000 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген Диана қазақ тілін қазақ балаларымен ойнап жүріп үйренген.

"Ұлтымыз орыс болса да, ата-анам менің қазақ тілін жетік меңгерсем деген ниетімді қолдады. Солардың арқасында және қазақ достарымынң арқасында осы тілді үйрендім", - дейді Диана.

Поэзияны жаны сүйетін оқушы қыз Абай Құнанбайұлы мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін де жатқа оқиды.

Аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі қазақ тілі және әдебиет пәндерінен өткен байқауларда топ жарған Диана болашақта қазақ жігітінің жары болуды армандайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1729711-semejlik-orys-kyzy-kazakka-kelin-boludy-armandajdy/

pixel