KZ

Астанада өткен демалыс күндері 30 мас жүргізуші құрықталды

Расcказать Вконтакте

Қалалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің хабары бойынша "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу шарасы басталды.

Демалыс күндері жол полициясы қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзудың 888 фактісін анықтады, оның ішінде 30 жүргізуші мас күйінде ұсталып, жылдамдықты асырудың 87 фактісі, қарсы жолға шығып кетудің 2 фактісі бар, 9 жүргізуші көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарып, 47-сі көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланған.

Айып тұрағына 22 автокөлік қойылды.

Жол қозғалысы ережесін бұзудың 888 фактісін анықталды.

Елордамызда "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу шарасы басталды, ол 14 қаңтарға дейін созылады.

Осыған орай қалалық жол полициясы күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруға көшірілді.

Новости Казахстана
Астанада өткен демалыс күндері 30 мас жүргізуші құрықталды
Mailfire view pixel