KZ

Қызылорда облысында төтенше оқиға салдарынан екі адам қаза тапты

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Қызылорда облысында  жыл басталғалы бері екі адам мерт болған.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманованың мәлімдеуінше, жыл басталғалы бері облыс аумағында екі адам мерт болған.

Арал ауданы Райым ауылдық округіндегі Шөміш көлінде 1997 жылы туылған М.Б. балық аулап жүріп,суға батып кеткен. Суға кеткен 13 жасар баланың мәйітін Арал ауданындағы судан құтқару қызметінің мамандары іздестіріп жатыр.

Қызылорда қаласы Желтоқсан көшесі №103 үйде өрт оқиғасы орын алды.

Өрт сөндіру қызметі бөлімшелері барған кезде 1950 жылы туылған Ч.Л. мәйіті табылған. Өрт оқиғасы болған орынның көлемі 3х3 м. Өрттің 02 сағат 12 минутта беті қайтарылып, 03 сағат 20 минутта сөндірілген. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Қызылорда қаласы Абай көшесі №32 үй 52 пәтерде табиғи газ жарылған.

Нәтижесінде 1965 жылы туылған М.С. есімді азамат күйік жарақатын алып, қалалық ауруханаға жатқызылды.

Новости Казахстана
Қызылорда облысында төтенше оқиға салдарынан екі адам қаза тапты
Mailfire view pixel